Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 6B07109 - Медициналық инжиниринг (Медициналық техника)
(Бірлескен ББ - «Семей медицина университеті» КЕАҚ )
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Жоғары технологиялық медициналық техникаға техникалық қызмет көрсетуге құзыретті мамандар даярлау

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Медициналық техниканы әзірлеу және пайдалану
Кәсіби қызмет объектісі:

Медициналық техникаға техникалық қызмет көрсету процесі
Кәсіби қызмет түрлері:

- биомедициналық техника мен техникалық құралдардың сериялық үлгілерін жөндеуден кейін, метрологиялық сәйкестікті қоса алғанда тексеру;
- клиникалық-аспаптық және Клиникалық-зертханалық жабдықтар мен кешендерді іске асыру және бақылау үшін тиісті жабдықтарды, құралдар мен әдістерді таңдау және пайдалану;
- медициналық техниканы жөндеу және пайдалануға байланысты инженерлік мәселелерді сәйкестендіру, қалыптастыру және шешу;
- медициналық жабдықтар жүйелері мен құралдарын орнату, монтаждау және пайдалану.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- медициналық техниканы жөндеу және пайдалануға байланысты инженерлік мәселелерді сәйкестендіру, қалыптастыру және шешу;
- биомедициналық техника мен техникалық құралдардың сериялық үлгілерін жөндеуден кейін, метрологиялық сәйкестікті қоса алғанда тексеру;
- клиникалық-аспаптық және Клиникалық-зертханалық жабдықтар мен кешендерді іске асыру және бақылау үшін тиісті жабдықтарды, құралдар мен әдістерді таңдау және пайдалану.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде әртүрлі жағдайларды бағалау қабілеті философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдыларын, пікірталас пен полемиканы жүргізу тәсілдерін меңгеру
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті коммуникациялық заманауи құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті
3. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету
4. Білім және түсіну: жабдықты тиімді пайдалануды ұйымдастыруды түсіну жаратылыстану ғылымдары саласындағы базалық білімге ие болу, биотехникалық жүйелерді әзірлеуге, жобалауға, құруға, өндіру технологияларына және пайдалануына байланысты инженерлік қызметте математикалық талдау және модельдеу әдістерін қолдану
Микропроцессорлық технология негізіндегі медициналық құрылғылар мен жүйелердің блоктары мен құрылғыларын, модульдерін жобалау
Биотехникалық жүйелер мен технологиялардың ерекшеліктерін ескере отырып, эксперименттік өлшеулер жүргізу, алынған мәліметтерді өңдеу және ұсыну
5. Білу және түсіну: материалдарды. компоненттерді, жабдықтарды, медициналық жабдықтардың параметрлерін есептеу алгоритмдері мен бағдарламаларын тиімді пайдалануды ұйымдастыруды түсіну Медициналық жабдықтың параметрлерін есептеу үшін материалдарды, аспаптарды, құрылғыларды, сондай-ақ алгоритмдер мен бағдарламаларды пайдалану және медициналық техниканың параметрлерін есептеу, зерттеу нәтижелерін өңдеу алгоритмдерін құру
6. Білімдер мен түсініктерді қолдану; пациенттер мен персонал үшін қауіпсіз қолдануды ескере отырып, медициналық жабдықтар мен олардың элементтерін пайдалану сенімділігін болжау қабілеті. Пациенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, медициналық жабдықтардың құрылғылары мен жүйелерін басқару және орнату
Медициналық техниканың жай-күйіне метрологиялық және техникалық бақылау жүргізу
Медициналық мақсаттағы жабдықтардың, аппараттардың және жүйелердің күрделі функционалдық бірліктері мен элементтеріне инженерлік-техникалық қызметтер мен қолдау көрсету
7. Білім мен түсініктерді қолдану; Автоматтандыру және компьютерлік технологияларды қолдана отырып, биосигналдар мен медициналық суреттерді өңдеу және талдау Күрделі функционалдық бірліктерді сынақтан өткізу, құжаттау, реттеу, диагностикалау, консервациялау, монтаждау және құрастыру, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдардың, құрылғылар мен жүйелердің техникалық жай-күйін бағалау және реттеу үшін өлшеу және арнайы жабдықты пайдалану
Техникалық объектілер мен процестердің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде экономикалық, экологиялық, зияткерлік құқықтық, әлеуметтік және басқа да шектеулерді ескере отырып, кәсіби қызметті жүзеге асыру
Модульдік оқу жоспары
Жалпы білімдік пәндер Базалық пәндер Кәсіптік пәндер