Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 6B11201 - Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Бітірушіні энергияны және ресурстарды үнемдеу, ақпараттық және ГИС-технологиялар негізінде экологиялық және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің замануи әдістері саласында өндірістік-технологиялық, жобалық, ұйымдастыру-басқару және эксперименттік-зерттеу қызметіне дайындау

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

әскери-өнеркәсіптік кешен, индустрия, ауыл және коммуналдық шаруашылық, өндіріс және тұтыну салалар, тіршілік қауіпсіздігі,еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларда қорғану салаларының мемлекеттік органдары, экологиялық қызметтер, экономиканың барлық салалары.
Кәсіби қызмет объектісі:

ақпараттық жүйелер мен оларды құрауыштар, табиғатты құраушы, техногендік, әлеуметтік әсер ететін кәсіпорындар мен ұйымдар; су, жер, биотикалық және өзге де ресурстар; тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды анықтайтын факторлар; төтенше жағдайларда технологиялық жүйелерді, желілерді әзірлеумен, енгізумен және пайдаланумен және қорғаумен айналысатын ұйымдар; өрт, экологиялық, химиялық, радиациялық және басқа да қауіптерді болдырмауға мүмкіндік беретін әртүрлі меншік нысанындағы, жобалау-іздестіру институттары, бюролары, фирмалар мен т. б.
Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- инновациялық;
- жобалық-технологиялық;
- жобалық-конструкторлық;
- өндірістік-технологиялық;
- эксперименттік-зерттеушілік;
- сервистік-пайдалану және т.б.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- тіршілік қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларда қорғау жағдайларын жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
- қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша оқыту және нұсқама жүргізу;
- тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдысын, дискуссияны және полемиканы жүргізу тәсілдерін меңгеру
Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелдей білу
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу
АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеуді жүзеге асыру
3. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету
Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану
4. Өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жобалау қызметін әзірлеу, сұлбаларды, аспаптарды, аппараттар мен жүйелерді жобалау қабілеті. Нормативтік-техникалық құжаттамалармен, үдерістер мен технологияларды, аспаптар мен аппараттарды әзірлеу және жобалау әдістемелерімен, сондай-ақ оларды тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауда қолданудың жаңа тәсілдері бойынша жұмыс істеу дағдылары мен білімдерін алу мен тереңдету; жобалаудағы озық әдістер саласында білімді жетілдіру, білімге деген қабілетін арттыру
Инженерлік-экологиялық ізденістердің нақты түрін орындауды ұйымдастыру дағдыларын меңгеру.
5. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мақсаттарды қою және ағымдағы міндеттерді қалыптастыру мүмкіндігін ұйымдастыру мен басқару қызметіне қабілеттілік. Еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігіне ішкі аудиттерді дайындау және жүргізу дағдыларын меңгеру.
нысанның жай-күйін бағалай білу, нысанда еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өмір тіршілігінің қауіпсіздігі бойынша жұмыстар кешенін ғылыми, өндірістік және табиғи ортада ұйымдастыру мен жүргізу; нормативті-құқықтық базасының аясында жұмыстарды ұйымдастыруды жоспарлау
6. өзін-өзі үздіксіз кәсібиі жетілдіру, жаңа кәсіби білім мен іскерлікті игеру, өз бетінше оқуға қабілеті. ақпаратты жіктеу және өңдеу жүйелерін, ақпаратты іздеу және талдау тәсілдерін білу, еңбекті және қоршаған ортаны қорғауда оларды қолдану үшін ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін талдауды жүргізу қабілетін; нормативтік-техникалық құжаттама жүйелерімен жұмыс істеу дағдыларын игеру
нысандағы қолданылып жүрген қауіпсіздік жүйесін талдау негізінде оның тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу; табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың, экологиялық қауіпсіз және аз қалдықты технологияларды жасаудың заманауи әдістері мен тәсілдерін практикада қолдану.
7. қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі мәселелерін шешуде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану, оңтайландыру және талдау қабілеті қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мәселелерін шешу кезінде ақпараттық жүйелер мен технологияларды, деректер базасын әзірлеу және енгізу; еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелердің заманауи өнімдерін меңгеру
Адамды техногендік әсерлерден қорғау жүйелерінің үлгілерін, қоршаған ортаны қорғау технологияларының үлгілерін әзірлей және бағалай білу, өнеркәсіптік объектілердің қауіпсіздігіне сараптама жүргізу дағдыларын меңгеру.
8. энергияны үнемдеу технологиялары негізінде экологиялық және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи әдістерін өндірістік-технологиялық қызметке бағдарлау қабілеті. Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізе білу.
Еңбек функцияларын орындау кезінде жазатайым оқиғаларды және қызметкерлердің денсаулығының өзге де зақымдануларын объективті тексеруді ұйымдастыра білу.
Тапсырмалардың орындаушыларға инженерлік-экологиялық ізденістер бағдарламасына сәйкестігін қалай қамтамасыз ету керектігін білу.
Модульдік оқу жоспары
Жалпы білімдік пәндер Базалық пәндер Кәсіптік пәндер