Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 6B11301 - Тасымалдауды,қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану ББ бағдарламасының мақсаты еңбек нарығының әр түрлі деңгейдегі орындаушылар немесе басшылар ретінде сұраныстарын қанағаттандыру үшін тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалыс қауіпсіздігі саласында ұйымдастыру-басқару, кәсіпкерлік және ғылыми-зерттеу қызметіне бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау болып табылады.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- тасымалдау процесін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
- ЖКО және олардың жағымсыз салдарын азайту жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру;
- көлік-экспедициялық қызметтер;
- көлік кешенінің жұмыс істеуі үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қозғалысты ұйымдастыру жүйесін ұйымдастыру.
Кәсіби қызмет объектісі:

- көлік кәсіпорындары мен бөлімшелері ЖКО салдарымен және тасымалдау процесінің кешігуімен байланысты қауіптер болып табылады;
- өңірлік көлік басқармалары және мемлекеттік көлік инспекциялары;
- өнеркәсіптің түрлі салаларындағы көлік және көлік техникасы мен технологиялары;
- мемлекеттік және жеке көлік кәсіпорындарындағы қозғалыс қауіпсіздігі қызметтері;
- көлік процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері;
- жүк және жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын көлік және экспедициялық компаниялар мен фирмалар;
- бастауыш еңбек ұжымдары және т. б.
Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- инновациялық;
- жобалау-технологиялық;
- өндірістік-технологиялық;
- зерттеу;
- сервистік-пайдалану және т.б.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- жүктерді және жолаушыларды тасымалдау процесінде жүктерді және жолаушыларды жеткізудің әртүрлі көліктік-технологиялық жүйелерін ұйымдастыру және оңтайландыру;
- тиеу-түсіру операцияларын ұйымдастыру және орындау және тасымалдауға қабылданған жүктердің сақталуын қамтамасыз ету;
- ЖКО және авариялық жағдайлар кезінде саптық бөлімшелер құрамында жұмыстарды ұйымдастыру және орындау;
- қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- жол қозғалысын ұйымдастырудың тиімді схемаларын әзірлеу;
- ЖКО мен авариялық жағдайларды болжау және алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- көлік процесінің қауіпсіздігін басқарудың геоақпараттық жүйелерін пайдалану.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті. Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу. АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеуді жүзеге асыру.
2. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті. Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету. Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану.
3. Инженерлік білімнің мәнін түсіндіру, жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, математикалық аппаратпен физикалық процестердің заңдылықтарын зерттеу және сипаттау. Кең ой-өрісі мен ойлау мәдениеті бар тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану пәндері бойынша базалық білім алу.
Инженерлік графика дағдыларын игеру, сондай-ақ кәсіби қызмет саласында жасанды интеллект теориясы мен алгоритмдерін пайдалану.
4. Өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңыздылығын түсіну, оған тұрақты қызығушылық білдіру. Жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, автокөлік техникасын орнату, көлікте басқарудың автоматтандырылған жүйелері бойынша базалық білім алу.
Көлік логистикасы туралы, жылжымалы құрамның өнімділігіне көрсеткіштердің әсері туралы, тасымалдауды ұйымдастыру, қауіпсіздік және қозғалысты басқару әдістері туралы білімге ие болу.
5. Кәсіби міндеттерді тиімді орындау, кәсіби және жеке даму үшін қажетті ақпаратты іздестіруді және пайдалануды жүзеге асыру. Жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тиімділігін талдау, қозғалысты ұйымдастырудағы кемшіліктерді анықтау және жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын ұтымды пайдалану дағдыларын игеру.
6. Тасымалдау процесін ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жедел жоспарлауды жүзеге асыру. Ішкі және халықаралық тасымалдарда көлік жұмысын ұйымдастырудың тиімділігін арттыру үшін білімді пайдалану, маршруттық желінің және тасымалдау қашықтықтарының сызбаларын әзірлеу.
7. Тасымалдауды және қозғалысты ұйымдастыруды перспективалық жоспарлауды жүзеге асыру Технологиялық және ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру саласында біліктілік сипаттамасының, мамандық бөлінісінде білім мен іскерліктің талаптар деңгейіне қол жеткізу.
8. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті. Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдысын, дискуссияны және полемиканы жүргізу тәсілдерін меңгеру. Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелдей білу.
Модульдік оқу жоспары
Жалпы білімдік пәндер Базалық пәндер Кәсіптік пәндер