Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық

7M06101 - Ақпараттық жүйелер

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Магистратерлік «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының мақсаты – методологиялық және технологиялық шешімдер негізінде кешенді ақпараттық жүйелерді жобалаудың, әзірлеудің және қолдаудың жүйелік принциптерін қолдану, сонымен қатар қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, үлкен көлемдегі деректермен қамтылған жүйелерде деректерді талдау және білімді табу бойынша қажетті жалпы және арнайы құзыреттілікті қалыптастыру.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- таратылатын архитектуралық ақпараттық жүйелерді жетілдіру, ақпараттық жүйенің компоненттерін конфигурациялау және түзету, жүйенің желілік инфрақұрылымын конфигурациялау және басқару.
- бұлтты қолданбалар мен қолданыстағы бұлттық қызметтерді дамыту;
- жалпы мақсаттағы программалық және деректерді өндіру әдістерінде имитациялық үлгілерді енгізу.
Ішкі және сыртқы ұлттық және халықаралық қауіптерге бағытталған корпоративтік ақпараттық қауіпсіздік саясатын әзірлеу және қалыптастыру.
- деректерді көрнекі түрде ұсынуды дамыту, үлкен деректерді өңдеу кезінде компьютерді көру программаларын әзірлеу.
Кәсіби қызмет объектісі:

әртүрлі меншіктегі ұйымдар, өнеркәсіп және бизнес нысандары;
- жоғары оқу орындары, кәсіби білім беру ұйымдары;
- ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-зерттеу және өндірістік ұйымдар;
- мемлекеттік ұйымдар
Кәсіби қызмет түрлері:

- ғылыми-зерттеу мекемелері;
- заманауи IT-компания;
- оқу орындары;
- жобалау ұйымдары;
- өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- қаржылық ұйымдар және т.б.
Кәсіби қызметінің функциялары:

Жүйелік архитекторы, жүйелік инженер, бағдарламалық жасақтама архитекторы («Бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы» ПС); үлкен деректермен жұмыс істеу бойынша маман («Деректер базасы дизайнеры мен әкімшілері» ПС); инженер-программист, АКТ саласы бойынша ғылыми зерттеуші («Бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу» ПС, 2019); ақпараттық жүйелер әкімшісі ( «Желі, жүйе және сервер әкімшілері» ПС); АТ-инфраструктура архитекторы, ақпараттық технологиялар инфрақұрылымының инженері, ақпараттық жүйелердің архитекторы («Компьютерлік жүйелердің инфрақұрылымы» ПС 2019, «Компьютерлік жүйелер архитектурасын басқару» ПС 2019); АКТ аудиторы («Бағдарламалық жасақтамаға қызмет көрсету» ПС, 2019); АТ саласында жоба басқарушы («Ақпараттық технологияны құру және басқару» ПС).
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді талдау мен бағалауда жүйелі ойлау, зерттеу және практикалық міндеттерді шешу кезінде жаңа идеяларды тудыру Философия саласындағы негізгі мәселелерді анықтап, ғылым әдіснамасының рөлін сипаттау; АТ саласындағы ағымдағы әдістемелік, методологиялық мәселелерді сипаттау.
Зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік тәжірибеден алынған ғылыми-техникалық ақпаратты интернет желісінде, ғылыми және мерзімді әдебиеттерде жинауды, талдауды және жүйелеуді ұйымдастыру, ғылыми зерттеулер жүргізу
2. Шет тілдерін кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде еркін пайдалану мүмкіндігі. C1-C2 халықаралық стандарттар деңгейінде шет тілін және ғылыми стильдің грамматикалық сипаттамаларын игеру; халықаралық ортада жұмыс істей білу.
3. Жүйелі талдау және оқу тұжырымдамаларын таңдау қабілеттеріне ие болу. Жоғары білім берудегі педагогика мен психология туралы базалық білімге ие болу, жоғары білімнің қазіргі парадигмасын сипаттау.
4. Заманауи ақпараттық технологиялардың методологиялық негіздерін қолдана отырып таратылған архитектурасы бар ақпараттық процестер мен жүйелерді сипаттау және әзірлеу және ұйымның IT-инфрақұрылымдық жобаларын басқару және дамыту қабілеттері. Ақпараттық үрдістер мен жүйелерді модельдеу технологиялары мен модельдерді сипаттау және әзірлеу.
Таратылған архитектурасы бар ақпараттық жүйелерді әзірлеу, ақпараттық жүйенің компоненттерін конфигурациялау және күйіне келтіруді жүзеге асыру, жүйенің желілік инфрақұрылымын конфигурациялау және басқару
АТ-инфрақұрылымының жобасын жүзеге асыру, ұйымның АТ-инфрақұрылымын дамыту және қауіпсіздік стратегиясын тұжырымдау.
5. "Бұлтты" қосымшаларды әзірлеу және ақпараттық сервистерді құру және пайдалану процестерін басқару, сондай-ақ заманауи орталар мен бағдарламалау тілдерін пайдалана отырып Машиналық оқыту әдістерін қолдану қабілеттеріне ие болу. "Бұлттық" қосымшаларды әзірлеу және бар бұлттық сервистерді қолдану.
Қазіргі заманғы программалау тілдерін қолдану арқылы машиналық оқыту теориялық негіздерін сипаттау, машиналық оқыту әдістерін қолдану
6. Желінің қауіпсіздігін жобалау, конфигурациялау, реттеу және қамтамасыз ету қабілетңне ие болу. Ішкі және сыртқы, ұлттық және халықаралық қауіптерге бағытталған ақпараттық қауіпсіздіктің тиімді корпоративтік саясатын қалыптастыру және әзірлеу
7. Табиғи тілді өңдеу технологиясын жобалау, оңтайландыру және сапасын қамтамасыз ету қабілетіне ие болу. Мәтіндерді автоматты түрде өңдеуге арналған практикадағы мәселелерді және негізгі тәсілдемелерді сипаттау
8. Объектіге бағытталған бағдарламалаудың заманауи әдістерін қолдану, жасанды интеллект элементтері бар жүйелерді құру және инновациялық нәтижелерге қол жеткізу үшін бағдарламалық шешімдерді қолдану қабілеттеріне ие болу. Деректерді визуалды көріністерін әзірлеу, оқылған зерттеу және жобалау тұжырымдамалары үшін сәйкес программалық кітапханалар мен құралдарды қолдану
Инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін жасанды интеллектті қоса алғанда, жүйелерді әзірлеп, бағдарламалық шешімдерді пайдалану
Модульдік оқу жоспары
Базалық пәндер Кәсіптік пәндер Қосымша оқу түрлері