Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 8D05401 - Математика
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Жоғары ғылыми мәдениетке ие, теориялық және қолданбалы математика саласында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жаңа ғылыми міндеттер қоюға қабілетті, ғылым мен техниканың кең кластарын шешу үшін заманауи математикалық аппаратқа ие, бакалаврлардың дипломдық жұмыстарын және магистранттардың магистрлік диссертацияларын ғылыми басқаруға, сондай-ақ ЖОО-да сабақ беруге қабілетті мамандарды даярлау.

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Білім және ғылым саласы, ғылыми-өндірістік сала, әлеуметтік-экономикалық сала, мәдениет.
Кәсіби қызмет объектісі:

PhD докторларының кәсіби қызметінің объектілері: оқыту, ғылыми зерттеу, тәрбие, дамыту, ағарту, білім беру жүйелері болып табылады.
Кәсіби қызмет түрлері:

педагогикалық қызмет;
жобалау қызметі;
ғылыми-зерттеу қызметі;
басқарушылық қызмет;
әдістемелік қызмет;
мәдени-ағартушылық қызмет.
Кәсіби қызметінің функциялары:

1) оқыту
2) ғылыми-зерттеу
3) ғылыми-әдістемелік
4) тәрбиелеуші
5) Қоғамдық-ұйымдастыру
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Идеяларды генерациялау, ғылыми-педагогикалық қызметтегі инновациялар нәтижелерін болжау, педагогикалық ғылыми процестерді басқару; кәсіби қызмет барысында қойылған міндеттердің мәнін түсіну, пәндік саладағы объектілер мен процестерді математикалық және компьютерлік модельдеу әдістері мен алгоритмдер теориясын қолдану қабілеті. Ерекше ойлау негізінде стандартты емес жағдайларда кәсіби және зерттеу дағдыларын қолдану.
Жаңа әдістер мен алгоритмдерді әзірлеу, оларды математика, механика, жаратылыстану ғылымдары саласындағы зерттеу қызметінде қолдану.
2. Математика және аралас салалардағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері, проблемалары, әдістері туралы бүтіндей түсіну қабілеті Пікірлерді есептеудегі қорытындыларды болжау және оларды математикалық дәлелдемелердің мәні мен құрылысын түсіндіру үшін пайдалану.
Ғылыми пікірталасқа қатысу, теориялық және әдістемелік базада еркін бағдарлану, өз көзқарасын қорғау.
3. Математикалық білім мен ғылымды дамыту контекстінде күрделі процестерді басқара білу және білім беру ұйымының стратегиялық даму бағыттарын болжау қабілеті; Объектілер мен құбылыстарды моделдеудің әдістерін, математикалық ғылымдағы зерттеудің сапалық және жақындатылған аналитикалық әдістерін салыстыру.
Пікірталасты, ғылыми хат пен коммуникацияны жүзеге асыру үшін зерттелетін тақырып бойынша шет тіліндегі әдеби дереккөздерді талдау.
4. Толық белгісіздік және дамудың болжамсыздығы жағдайында білім беру мен ғылымдағы ауқымды өзгерістерге бастамашылық жасау және жүзеге асыру қабілеті Әртүрлі көздерден алынған ақпаратты талдау, қазіргі заманғы теориялар мен талдау әдістері негізінде дербес ғылыми зерттеу жүргізу.
Модульдік оқу жоспары