Эксперттық бағалау мен мәліметтер базалары
Сипаттама: Білім алушылар деректер қорының құрылымын, құрамын және әзірлеу тәсілдерін зерделейді, өнім сапасының сараптамалық жүйесін құру критерийлері мен бағалауын зерттейді. Деректер базасын және өнім сапасының сараптамалық жүйесін құруда практикалық дағдыларды меңгереді; нәтижелерді статистикалық өңдеу үшін деректер базасын пайдалану
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Математика 1
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Деректер базасын және өнім сапасының сараптамалық жүйелерін құру және пайдалану бойынша теориялық және практикалық білім мен дағдыларды алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- деректер қорының құрылымын, құрамын және әзірлеу тәсілдерін, өнім сапасының сараптамалық жүйесін құру критерийлері мен бағалауын біледі.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- деректер базасын және өнім сапасының сараптамалық жүйесін құру дағдыларын меңгерген; нәтижелерді статистикалық өңдеу үшін деректер базасын пайдаланады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- іскерлік этика нормаларын сақтайды, этикалық және құқықтық мінез-құлық нормаларын біледі, қоғамдық пікірге негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білім алу және магистратурада білімін жалғастыру дағдыларын меңгерген.