Цены и ценообразование

Сипаттама: Баға белгілеу механизмі туралы толық түсінік; тұтынушылық қасиеттер мен тауар (қызмет) ерекшеліктерін ескеруге негізделген, әр түрлі баға түрлерін анықтаудың және құрудың заманауи әдістері; өндіріс шығындарын талдау; сұраныс пен ұсыныс қатынасы; белгілі бір нарықты таңдау, оның монополиялану дәрежесі; бағаларды мемлекеттік реттеу; тұтынушылар (сатып алушылар), бәсекелестер және нарықтың басқа да субъектілерінің әрекеті.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • бағалардың деңгейі мен құрылымы, баға белгілеудің қағидалары мен факторлары, нарықтық экономикадағы бағалық механизмді пайдаланудың негізгі бағыттары туралы жүйеленген білімді қалыптастыру.
Міндет
  • кәсіпорын (фирма) қызметінің тиімді мүмкіндіктерін анықтау мақсаты бойынша экономикалық міндеттерді шешу әдістерін меңгеру; бағаларды есептеу көреткіштерінің ғылыми негізделген жүйесі мен әдістерін оқу; нақты тапсырмалар шешуде теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды пайдалану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білуі тиіс: нарықтық баға белгілеудің теориялық негіздерін; баға белгілеу саласындағы негізгі заңнамалық және нормативтік актілерді; баға белгілеудің негізгі әдістерінің мазмұнын; әр түрлі нарықтарда баға белгілеудің өзіндік сипаттамаларын; баға белгілеу стратегиясы мен тактикасының қалыптасу заңдылықтарын; баға белгілеу саласындағы шетелдік және отандық фирмалардың тәжірибесін.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Меңгеру: - сатып алушылардың бағаға және олардың өзгеруіне реакциясын бағалау мақсатында нарықтың маркетингтік зерттеулерін жүргізу; - негізгі баға құраушы факторларды бөлу; - баға белгілеудің белгілі әдістерін қолдану; - сұраныстың икемділігін бағалау; - баға белгілеудің белгілі стратегиялары мен тактикалық тәсілдерін қолданудың мақсаттылығын негіздеу; - баға динамикасына статистикалық және болжамдық зерттеулер жүргізу; - баға шешімдерінің шығынсыздығына талдау жүргізу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Істей алу керек: нарықтың әртүрлі типтері (модельдері) үшін баға белгілеу ерекшеліктерін анықтауды; мемлекет пен кәсіпорынның баға саясаты әдістерін қолдануды негіздеуді; баға белгілеу стратегиясын анықтауды.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Істей алу керек: әр түрлі факторларды ескере отырып, нарықтық жағдайда бағаны қалыптастыру мүмкіндігін пайдалану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Меңгеруі керек: білім беру процесінде алған білімді, іскерлікті және дағдыларды қолдану, баға құрудағы экономикалық мәселелер мен жағдайларды шешу.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1 Баға белгілеудің теориялық-әдіснамалық негіздері.
  • 2 Баға-нарық санаты. Баға белгілеу принциптері.
  • 3 Баға белгілеу әдістемесінің ғылыми негіздері. Баға функциялары. Баға құраушы факторлардың өзара байланысы.
  • 4 Баға жүйесі, баға түрлері және олардың жіктелуі.
  • 5 Баға деңгейі, құрамы және құрылымы. Маркетингті басқару жүйесіндегі бағалар.
  • 6 Өнімнің өзіндік құны - баға белгілеу базисі және оның анықталуы.
  • 7 Таза табыс және оның бағамен байланысы.
  • 8 Баға және салық жүйесі.
  • 9 Бағаларды мемлекеттік реттеу. Сақтандыру жүйесіндегі баға белгілеу. Баға және инфляция.
  • 10 ҚР-дағы мемлекеттік баға саясаты. ҚР баға белгілеуді реттеудің монополияға қарсы саясаты.
  • 11 Кәсіпорынның баға саясаты және баға стратегиясы.
  • 12 Нарықтық экономиканың микродеңгейінде бағаларды қалыптастыру: тұтыну тауарларының бөлшек және көтерме бағалары.
  • 13 Нарықтық экономиканың микродеңгейінде бағаларды қалыптастыру: материалдық өндіріс өнімдерінің бағасы.
  • 14 Нарықтық экономиканың микродеңгейінде бағаларды қалыптастыру: өндірістік емес қызметтерге баға белгілеу.
  • 15 Әлемдік бағалар және оларды қалыптастыру механизмі. Сыртқы экономикалық қызметтегі баға белгілеу.
Негізгі әдебиет
  • 1 Гражданский Кодекс РК (Общая часть).
  • 2 Закон РК "О естественных монополиях".
  • 3 Закон РК "О защите прав потребителей".
  • 4 Баздникин А.С. Цены и ценообразование: Учебное пособие, 3-е изд., перераб и доп. – М.: Юрайт, 2016.
  • 5 Ондасынова А.И. Формирование потребительских цен в транзитной экономике: монография. – Алматы: Экономика, 2015.
  • 6 Тультаев К.А., Ондасынова А.И. Ценообразование в условиях перехода к рыночной экономике: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2015.
  • 7 Куатова Д.Я. Экономика предприятия: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2014.
  • 8 Желтякова И.А., Маховикова Г.А., Пузыня Н.Ю. Цены и ценообразование: Учебное пособие. - Санкт-Петербург: Питер, 2015.
  • 9 Левшин Ф.М. Внешнеторговые цены. – М.: Внешторгиздат, 2015.
  • 10 Липсиц И.В. Ценообразование: Учебно-практическое пособие. – М.: Юрайт, 2016.
  • 11 Пунин Е.И. Маркетинг, менеджмент и ценообразование на предприятиях в условиях рыночной экономики: Учебник / под ред. Облинского Э.Е. – М.: Международные отношения, 2016.
  • 12 Слепнева Т.А., Яркин Е.В. Цены и ценообразование: Учебное пособие. – М.: ИНФРА – М, 2014.
  • 13 Трацевский И.П., Грекова И.Н. Ценообразование: Учебное пособие. - М.: Новое знание, 2015.
  • 14 Ценообразование: Учебник / под ред. Салимжанова И.К. – М.: Финстатинформ, 2015.
  • 15 Цены и ценообразование: Учебник для вузов / под ред. Есипова В.Е. – Санкт-Петербург: Питер, 2015.
  • 16 Цены и ценообразование: Учебник / под ред. Дерябина А.А. – М.: ФиС, 2015.
Қосымша әдебиеттер
  • 1 Теория потребительского поведения и спроса: Учебное пособие / под ред. Гальперина В.М. – Санкт-Петербург: Экономическая школа, 2015.
  • 2 Финансы и цены: Учебное пособие / под ред. Слепова В.А. – М.: ИД ФБК-ПРЕСС, 2015.
  • 3 Уткин Э.А. Цены, ценообразование, ценовая политика: Учебник. – М.: Тандем, 2016.
  • 4 Александров В.Т., Касьяненко Т.Г. Ценообразование в строительстве: Учебное пособие. - Санкт-Петербург: Питер, 2015.
  • 5 Маркова В.Д. Маркетинг услуг. – М.: Финансы и статистика, 2016.
  • 6 Справочник по ценообразованию. – М.: Экономика, 2015.
  • 7 Чернышов Л.Н. Ценовая и тарифная политика в жилищно-коммунальном хозяйстве: практические рекомендации. – М.: Книжный мир, 2015.
  • 8 Хайкин Г.М. Ценообразование в строительстве. – М.: Стройиздат, 2015.