Ценообразование в различных отраслях экономики

Сипаттама: Баға белгілеу механизмі туралы толық түсінік; тұтынушылық қасиеттер мен тауар (қызмет) ерекшеліктерін ескеруге негізделген, әр түрлі баға түрлерін анықтаудың және құрудың заманауи әдістері; өндіріс шығындарын талдау; сұраныс пен ұсыныс қатынасы; белгілі бір нарықты таңдау, оның монополиялану дәрежесі; бағаларды мемлекеттік реттеу; тұтынушылар (сатып алушылар), бәсекелестер және нарықтың басқа да субъектілерінің әрекеті

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Бағалардың деңгейі мен құрылымы, баға белгілеудің қағидалары мен факторлары, нарықтық экономикадағы бағалық механизмді пайдаланудың негізгі бағыттары туралы жүйеленген білімді қалыптастыру
Міндет
  • кәсіпорын (фирма) қызметінің тиімді мүмкіндіктерін анықтау мақсаты бойынша экономикалық міндеттерді шешу әдістерін меңгеру; бағаларды есептеу көреткіштерінің ғылыми негізделген жүйесі мен әдістерін оқу; нақты тапсырмалар шешуде теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды пайдалану
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • нарықтық баға белгілеудің теориялық негіздерін; баға белгілеу саласындағы негізгі заңнамалық және нормативтік актілерді; баға белгілеудің негізгі әдістерінің мазмұнын; әртүрлі нарықтағы баға белгілеудің өзгешелік сипаттамаларын; баға белгілеу стратегиясын және тактикасын қалыптастыру заңдылығын; баға белгілеу саласындағы шет ел және отандық фирмалардың тәжирибелерін
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Баға тұтынушылардың реакциясын, олардың өзгерісін бағалау мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізу және негізгі баға белгілеуші факторларды анықтау; бағ белгілеудің таныс әдістерін қолдану; сұраныстың икемділігін бағалау; баға белгілеудің танымалды стратегиялық және тактикалық тәсілдерін қолдану мақсаттылығын негіздеу; баға динамикасының статистикалық және болжамдық зерттеулерін жүргізу; бағалық шешімдердің залалсыздық талдауын іске асыру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Бар тұжырымдамаларды, үрдістер мен құбылыстарды талдау мен жоспарлаудың теориялары мен тәсілдемелерін, сынап талдай білу, жаңа таныс емес жағдайлардағы жоспарлық міндеттерді шешу үшін әртүрлі пәндер шегінде алған білімдерін біріктіру, білімдерін біріктіру жолымен толық емес немесе шектелген ақпараттар негізінде пайымдамалар жасау және шешім қабылдау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Түрлі факторлар топтарының есебінен нарық шартында бағаларды қалыптастыру мүмкіндігін қолдана алу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Оқу үрдісінде алынған білімді, іскерлік пен дағдыны практикалық қолдану қабілеті, сондай-ақ баға белгілеудегі экономикалық мәселелер мен жағдайларды шешу
Негізгі әдебиет
  • 1 Гражданский Кодекс Республики Казахстан от 1 июля 1999 года № 409-I (с изменениями и дополнениями по состоянию на 01.01.2018г.). 2 Закон РК от 09 июля 1998г. № 272-I «О естественных монополиях» (с изменениями и дополнениями по состоянию на 01.01.2018г.). 3 Сагинова Б.К. Баға және баға белгілеу / Оқулық. - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2015. 4 Баздникин А.С. Цены и ценообразование: Учебное пособие, 2-е изд., перераб и доп. – М.: Юрайт, 2016. 5 Тультаев К.А., Ондасынова А.И. Ценообразование в условиях перехода к рыночной экономике: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2015.