Исследование вещественного состава руд и продуктов обогащения

Сипаттама: Құрамында гранулометриялық, минералогиялық талдау және ұсақталған кендердің физикалық-механикалық сипаттамалары, металл емес құрылыс материалдары және тау-кен металлургиялық кешеннің техногенді өнімдері бойынша материалдар бар. Минералды шикізатты минералогиялық талдау әдістерін, пайдалы қазбаны гранулометриялық талдау тәсілін, минералды шикізаттың физикалық-механикалық сипаттамаларын анықтау әдістерін таңдау және негіздеу жүргізіледі.

Кредиттер саны: 6

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Магистрантарды кендердің заттық құрамының үрдістерімен және әдістерімен және байыту өнімдерімен таныстыру
Міндет
  • Магистранттардың өндірісте және ғылыми-зерттеу жұмыстарында заттық құрам жайындағы алған білімдерін қолдану
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Магистранттар білу және түсіну керек: - минералды шикізаттарды минералдық талдау әдістері және тәсілдері - қатты минералдық шикізаттарды гранулометриялық талдау әдістері
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Магистранттар келесі дағдыларды иеленулері қажет: - минералды шикізаттарды минерологиялық талдау әдістерін таңдау мен дәлелдеуді - пайдалы қазбаларды гранулометриялық талдау тәсілдерін таңдау мен дәлелдеуді - минералды шикізаттарды физико-химиялық сипаттамаларын таңдау мен дәлелдеуді
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Магистранттар пікір қалыптастыра білу керек: - пайдалы қазбаларды минерологиялық талдау әдістері бар мәні бойынша - қатты минералды шикізаттарды гранулометриялық талдаудың негізгі әдістерінің мәні және тағайындауы бойынша
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Магистранттар коммуникативті қабілеттілікке ие болуы керек: - минералды шикізатта нақты құрамда әдістерді және тәсілдерді талқылауда - студенттермен педагогикалық тәжірибе өту мерзімінде дәрістерді және жаттығу сабақтарын өткізуде
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Магистранттар үйрену дағдыларын білу және жетілдіру керек: - студенттермен дәрістер және жаттығу сабақтарын өткізуде - ғылыми семинарларда және конференцияларда баяндамалар әзірлеуде және қорғауда
Негізгі әдебиет
  • Тихонов О.Н. Кен байыту фабрикаларын жобалау туралы анықтама : Недра. 1988-665.