Басқару психологиясы

Сипаттама: Қазіргі заманда қоғамның басқару қызметінде тұрақты кездесетін өзекті әртүрлі әлеуметтік мәселелерді шешуге қажетті психологиялық терең теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру. Ұйымның персоналын басқарудың негізгі тәсілдерін және қызметкерлермен жұмыс жасау әдістері мен технологияларын, әсіресе көшбасшының стилін зерттеу.

Кредиттер саны: 3

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Басқару психологиясы - білім беру процесінің барлық ұжымын одан әрі проблемаларды шешу және басқару үшін психологиялық білімді анықтайтын ғылым. Персоналды басқару психологиясының өз ерекшелігі бар. Басқару психологиясының нысаны - өндірістік мақсатқа ие және бір командамен жұмыс істейтін адамдардың ұйымдастырылған қызметі. Пән бүгінгі антропологиялық өзекті мәселелерге теориялық қырынан негіз жасайды.
Міндет
  • - Персоналды басқарудың ғылыми негізін білу; - менеджменттің осы бөліміндегі негізгі концепциялары мен даму кезеңдерін білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - психологияда персоналды басқарудың теориялық көздерін, негізгі ұғымдарын және принциптерін білу; - персоналды басқару үрдістерін зерттеудің негізгі әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Оқу барысында алынған білімдер және тәжірибелік дағдылар студенттерге өз бетінше күрделі іс-әрекеттік міндеттерді шешуге, мекеменің жетіспеген шешімдерінің себептерін анықтауға, өзара қарым-қатынастарды жүргізуге үйретеді.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • теңгерімді басқару шешімдерін дайындау мақсатында қазіргі заманғы ұйымдардың функционалдық стратегиялары арасындағы өзара байланысты талдауға қабілеттілік
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - топтық динамика үрдістерін және команданы қалыптастыру принциптерін білу негізінде топтық жұмысты тиімді ұйымдастыруға қабілеттілік; - ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынас жасау заңдылықтарын білу; - қарым-қатынасты, ұжымдағы климатты басқару, әлеуметтік белсенділікті басқара алу, қақтығыстардың пайда болуы мен өту заңдылықтары туралы білімді оларды басқаруда қолдана алу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • - алдағы қызмет саласындағы стандартты жағдайларды талдауға қажетті кәсіби дәлелдеме дағдылары; - сараптама жүргізе білу, мәселелерді шешуді ұйымдастыра алу; - зерттеушілік ісіне қабілеттілік.
Негізгі әдебиет
  • Авдулова Т. П. Психология менеджмента. – М, 2009 Душкина М. Р. Психология влияния. Спб 2010 Кричевский РЛ. Если вы руководитель... Элементы психологии менеджмента в повседневной работе.— М.: Дело, 2009