Корпоративтік қаржы

Сипаттама: Корпоративтік қаржы және қаржы механизмінің мәні ашылатын теориялық курс болып табылады, қаржылық жоспарлау негіздері, қалыптастыру ерекшеліктері, негізгі және айналым капиталын ұдайы өндіру және басқару, ағымдағы және инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері, қаржылық есептілік деректері бойынша корпорацияның қызметін қаржылық талдау негіздері

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Білім алушылардың корпорациялардың қаржылық қатынастарының теориялық негіздері мен практикалық аспектілері туралы экономикалық білім кешенін алуы.
Міндет
  • Корпорациялардың қаржыларын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздерін және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және пайда алу мақсатында оларды тиімді басқаруды зерделеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі корпоративтік қаржылардың мәні мен рөлі, кәсіпорында қаржы ұйымдастырудың қазіргі заманғы принциптері туралы түсінікке ие болу
  • Корпорацияның қаржы ресурстарының негізгі көздерін, оларды орналастыру бағыттары мен тәртібін, қаржылық жай-күйін бағалау өлшемдерін, кірістерді, ақша қорлары мен капиталды қалыптастыру, бөлу және пайдалану тәртібін білу
  • Дағдарыстық жағдайларда кәсіпорынды қаржылық жоспарлау және қаржылық басқару негіздерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қаржылық шешімдерді қабылдау бойынша қаржы менеджерінің алдында тұрған нақты міндеттерді шешу кезінде теориялық білімді қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалай білу, қаржылық жоспарлар мен болжамдарды құру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кәсіптік қызметпен байланысты әр түрлі жағдайларда және ситуацияларда мобильділік және икемділік, кәсіптік ортаға тез үрену қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдысын меңгере білу және магистратурада білімдерін жалғастыру. Жеке басының өсуіне және кәсіптік өсуіне тырысуы.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Корпоративтік қаржының негіздері. "Қорпоративтік қаржы" ұғымы мен мазмұны, оның функциялары. Қорпорациялардың қаржылық механизмі.
  • Корпоративтік басқару. Корпоративтік басқарудың түсінігі мен мәні. Корпоративтік басқару жүйесі, оның принциптері мен құрылу факторлары.
  • Қаржы-кредит шешімдерін қабылдауда қаржы-экономикалық есептеп шығарудың математикалық негіздері. Ақшаның уақытша құны ұғымы. Компания капиталының бүгінгі және болашақ құны. Капиталдың баланстық құны және дисконт нормасы. Жай және күрделі есептік пайыздар.
  • Корпорацияның айналымнан тыс активтерін басқару. Корпорациялар қаржыларын ұйымдастырудың рөлі және сыныптамасы, ұзақ мерзімді активтердің мазмұны. Ұзақ мерзімді инвестициялар, аяқталмаған күрделі құрылыс, материалдық емес активтер, негізгі құрал жабдықтардың құрамы мен құрылымы, экономикалық табиғаты.
  • Корпорацияның айналым капиталын басқару. Айналым капиталының сыныптамасы және экономикалық мазмұны. Компанияның босалқы қоры: босалқы қорлардағы қаражаттар, өндірістегі қаражаттар. Дебиторлық қарыз мөлшерінің деңгейі және оны басқару.
  • Корпорацияның шығындары, табыс мен пайдасы. Корпорация шығындарының экономикалық сыныптамасы. Компанияның қызмет түріне байланысты табыстар. Табыстар функциялары және сыныптамасы.
  • Корпорацияны қаржыландырудың қарыз көздері. Компанияның ұзақ мерзімді қарыздары қаржыландыру көздерін тарту мен пайдалану мақсаты.
  • Корпорацияны қаржыландырудың меншікті көздері. Қорпорацияның меншік капиталы, оның құрамы мен құрылымы. Меншікті капиталды құру. Компанияның эммисиондық кызметі.
  • Корпорацияның дивидентшетік саясаты. Базалық дивиденттік теориялар.
  • Корпорацияның тәукелдері және олардың салдарын томендету. Тәуекел түсінігі, пайда болу салдары және сыныпталуы. Негізгі тәуекелдер: тәуекелдерді анықтау және сәйкестендіру. Тәуекел және табыстылық.
  • Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары. Бухгалтерлік (қаржылық) есептілік. Қаржылық талдау түсінігі, әдістері және модельдері.
  • Корпорация дамуын қаржылық жоспарлау мен болжамдау. Қаржылық жоспарлаудың қағидаттары мен міндеттері. Қаржылық жоспарлаудың негізгі әдістері.
  • Корпорацияны қаржылық қайта құрлымдау. Корпорацияның дағдарыстық жағдайынының туындау механизмі. Дағдарыс факторлары және корпорацияның төлемқабілетсіздігінің сатылары. Қаржылық тұрақтылық факторларының сыныталуы.
  • Компанияның қосулуы мен жұтылуы. Корпораияны қайта құрлымдау. Команияның қосылуы мен жұтылуы және олардың себебі.
Негізгі әдебиет
  • Богатырев С.Ю. Корпоративные финансы: стоимостная оценка: Учебное пособие / С.Ю. Богатырев. - М.: Риор, 2018. - 528 c.
  • Ковалев В.В. Корпоративные финансы и учет: понятия, алгоритмы, показатели: Учебное пособие / В.В. Ковалев. - М.: Проспект, 2018. - 1000 c.
  • Чараева М.В. Корпоративные финансы: Учебное пособие / М.В. Чараева. - М.: Инфра-М, 2018. - 384 c.
  • Брейли Р., Майерс С. Принципы корпоративных финансов. – М.: ЗАО Олимп-Бизнес, 2017. – 587 с.
  • Бигельдиева З.А. Корпоративтік қаржы. – Алматы: Экономика, 2010. – 150 б
  • Кадерова Н.Н. Корпоративтік қаржы. – Алматы: Экономика, 2008. – 376 б.
  • Мельников В.Д., Ильясов К.К. Қаржы – Алматы: Каржы-каражат, 2010. – 472 с.
  • Корпоративные финансы: учебник / М.А. Эскиндаров под ред., М.А. Федотова под ред. и др. – Москва : КноРус, 2016. – 480 с.
  • Брусов П.Н. Современные корпоративные финансы (для бакалавров) / П.Н. Брусов, Т.В. Филатова, Н.П. Орехова. - М.: КноРус, 2019. - 346 c.
Қосымша әдебиеттер
  • Журнал «Финансовый менеджмент» http://www.dis.ru/fm.
  • Журнал «Финансы и кредит» » http://www.financepress.ru.
  • Журнал «Финансы» http://www.dis.ru/.
  • Журнал «Финансовый директор» www.fd.ru.
  • Корпоративные финансы. Практикум. Учебник / О.В. Борисова и др. - М.: Юрайт, 2017. - 656 c.