Тау-кен ісінің негіздері

Абдрашева Замира Жомартовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: "Тау-кен ісі негіздері" пәні пайдалы қазбалар кен орындарын барлауды, оларды өңдеуді, бастапқы өңдеуді, тау-кен кәсіпорындары мен түрлі мақсаттағы жер асты құрылыстарын салуды қамтитын тау-кен өндірісі мамандарын дайындау профилін қалыптастыратын алғашқы пәндердің бірі болып табылады.

Кредиттер саны: 3

Пререквизиты:

  • Геодезия

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Курстың негізгі мақсаты – пайдалы қазбалар кен орындары туралы,ашу және оларды қазу тәсілдері, байыту принциптері жайлы жалпы мәліметтер туралы білім беру.
Міндет
  • Тау-кен инженері кен жұмыстарын жүргізудің кен-геологиялық жағдайларын бағалау, кен орындаран қазу, ашу тәсілдері туралы бастапқы ұғымдар, қазу жүйелері, кен қазбалары мен олардың міндеті туралы,өндірістік процестер мен кен жұмыстарын ұйымдастыру бойынша білім алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Тау өндірісінің негізгі қағидаларын,пайдалы қазбаларды игеру әдістерін, қарапайым сұлбамен кенорнын ашу, басты және көмекші оқпандарды өзара орналастыруын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - Тау-кен сызбаларындағы шартты белгілерді оқи алу; - Әртүрлі бекітпелерді есептеу алу;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • - технологиялық тапсырмаларды шешуге әдістемелік принциптерді және көзқарасын айта алу, ақпараттарды жинау, талдау;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кенорнын ашудың қарапайым әдістерін, тік оқпандарды жүргізу технологиясын, ашудың негізгі және қосымша сұлбаларын білу, тау қазбаларын жүргізу. планограммасын құру,
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ұйымдастыру-басқару жұмыстарын атқара алу, өндірістік-технологиялық шешімдерді қабылдау білу, есептеу-жобалау жұмыстарын орындау
Оқыту әдістері

Пән бойынша дәріс сабақтарын өткізу белсенді оқыту әдісіне негізделеді, онда оқушылар пассивті тыңдаушылар емес, оқытушының сұрақтарына жауап беретін сабаққа белсенді қатысушылар. Оқытушының сұрақтары материалды меңгеру үдерістерін белсендіруге, сондай-ақ логикалық ойлауды дамытуға бағытталған. Оқытушы қауымдасқан ойлауды ынталандыратын және бұрын игерілген материалмен байланыс орнататын сұрақтар тізімін алдын ала белгілейді.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Жер асты тау-кен жұмыстарының негізгі анықтамалары
  • Тау-кен жыныстары мен пайдалы қазбалар туралы негізгі мәліметтер
  • Тау қазбалары
  • Тау жыныстарының негізгі қасиеттері мен жіктелуі
  • Тау жыныстарының бұзылуы
  • Тау жыныстарының механикасы
  • Ашық тау-кен жұмыстары бойынша негізгі ұғымдар
  • Күшті біртекті жыныстарда көлденең және көлбеу қазбаларды жүргізу
  • Кен орындарын игеру кезеңдері
  • Шахта алаңында қаттарды дайындау
  • Шахталардағы тазалау жұмыстары
  • Кенді кенорындарын жерасты игеру негіздері
  • Пайдалы қазбалар кен орындарын ашық игеру негіздері
  • Пайдалы қазбаларды өңдеу және байыту негіздері
  • Сұйық және газ тәрізді пайдалы қазбаларды өндіру негіздері
Негізгі әдебиет
  • Смағұлов З.М., Арыстан И.Д. «Тау- кен саласындағы орысша қазақша терминологиялық сөздіктер» ҚарМТУ, Қарағанды, 1996
  • Егоров П.В. Основы горного дела. Москва, 2000
  • Бобер Е.А. Основы горного дела: Учеб.пособие.Ч.1-2002
  • Васючков В.Ф. Горное дело.-М.:Недра , 2000
  • Килячков А.П. Технология горного производства.-М:Недра, 2002