Дизайн әдістері

Гурская Оксана Евгеньевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Дизайнердің кәсіби қызметінің дүниетанымы, әдіснамалық және әдістемелік негіздері. Бағытталған шығармашылық ізденіс, қиялды дамыту және жобалық шешімдерді әзірлеу әдістері. Шығармашылық процесті психологиялық белсендіру және жобалық идеяларды тудыру әдістері. Дизайн жобасын әзірлеу үшін шығармашылық ізденіс құралдарын тәжірибеде қолдану.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Композиция негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер
Практикалық жұмыстар 45
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Шығармашылық емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • жобалау әдістері, әдістеме мен практикалық іс-әрекет арасындағы байланыс туралы білім алу.
Міндет
  • кәсіби лексиканы меңгеру; кәсіби этика категориялары; жобалау мәдениетінің формасы ретінде жобалау әдістері;
  • жобалау процестерін ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін түсіну;
  • практикалық мәселелердің шешімдерін таңдау кезінде жобалау әдістерінің классификациясын қолдану;
  • кәсіби қызметте қолданбалы жобалау әдістерінің тиімділігін анықтау.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • кәсіби дизайн терминологиясын түсіну және пайдалану;
  • жобалау процестерін ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін түсіну;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • шешімді таңдау кезінде жобалау әдістерінің классификациясын қолдану;
  • әдістеме мен тәжірибе арасындағы байланыс туралы түсінікті қолдану;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • кәсіби қызметте қолданбалы жобалау әдістерінің тиімділік дәрежесін бағалау;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • дизайндағы шығармашылық идеяларды талқылау және негіздеу;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • жобалау жұмыстарының қолданбалы әдістерін қабылдау және түсіндіру;
  • шығармашылық ойды қалыптастыруда алған дағдыларын жалпылау.
Оқыту әдістері

Сындарлы шешім әдісі – топтық жұмыс және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту – бұл өз бетінше немесе топта проблема қойып, оның шешімін іздейтін белсенді оқыту әдісі.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Көрнекі ойлаудың графикалық мысалдарын дайындау. 0-100
Жоба тақырыбы бойынша «5 неге» сұрақтарын дайындау.
10 эвристикалық сұрақтар топтамасын дайындау.
Таңдалған тақырып бойынша графикалық ассоциация дайындау.
2  рейтинг Таңдалған тақырып бойынша байланыстарды әлсірету үшін графикалық жұмыс дайындау. 0-100
Таңдалған «Экодизайн» тақырыбы бойынша көлемді сөйлем дайындау.
Берілген суретті стильдеу тапсырмасын орындау.
Шектен шығу тақырыбына тапсырма орындау.
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Емтихан Курстың мазмұны толық игерілді, игерілген материалмен жұмыс істеуге қажетті практикалық дағдылар олқылықтарсыз қалыптастырылды, оқу бағдарламасында қарастырылған барлық оқу тапсырмалары орындалды, олардың орындалу сапасы максимумға жақын ұпай санымен бағаланады. Курстың мазмұны толық игерілген, олқылықтарсыз, игерілген материалмен жұмыс істеудің кейбір практикалық дағдылары жеткілікті түрде дамымаған, оқу бағдарламасында қарастырылған барлық оқу тапсырмалары орындалған, олардың ешқайсысының сапасы ең төменгі ұпай санымен бағаланбаған, тапсырмалардың кейбір түрлері қателермен орындалған. Курстың мазмұны ішінара игерілді, бірақ олқылықтар айтарлықтай емес, игерілген материалмен жұмыс істеуге қажетті практикалық дағдылар негізінен қалыптасты, оқу бағдарламасында қарастырылған оқу тапсырмаларының көпшілігі орындалды, кейбір орындалған тапсырмаларда қателер болуы мүмкін. Курстың мазмұны игерілмеген, қажетті практикалық дағдылар қалыптаспаған, орындалған оқу тапсырмаларында өрескел қателер бар, курс материалы бойынша қосымша өзіндік жұмыс оқу тапсырмаларын орындау сапасының айтарлықтай жақсаруына әкелмейді.
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Практикалық сабақтардың тақырыптары
  • Кіріспе
  • Дизайндық ойлаудың ерекшеліктері
  • Ментальды карталар жобалау әдісі ретінде
  • Эвристикалық (интуитивтік) жобалау әдістері
  • Ассоциация әдісі
  • Миға шабуыл
  • Деконструкция әдісі
  • Интеграция әдісі
  • Модернизация әдісі
  • Жалпылау әдісі
  • Гиперболизация әдісі
  • «Шектен шығу» әдісі
  • Фракталды әдіс
  • Генеративті дизайн
  • Шығармашылық әдістердің әртүрлі классификациялары
Негізгі әдебиет
  • Жангужинова, М. Е. Основы художественной графики [Текст] : учеб. пособие / М. Е. Жангужинова ; Министерство образования и науки Республики Казахстан, АТУ. - Алматы : ТОО "Лантар Трейд", 2020. - 106 с.
  • ArCon:Визуальная Архитектура:Лучший дизайнер интерьеров квартир и офисов [Электронный ресурс] : учебное пособие. - М. : ЕВРОСОФТ, Б. г.. - 1 CD-ROM.
  • Қазақстан Республикасының аумақтарын кешенді дамыту стандарты [Мәтін]. - Астана: [б. i.], 2023 - Каталог 1: Ашық кеңістіктердің элементтері мен түйіндерінің каталогы: стандартты / өңделген. Әбдіранова А.Н. - 460 с.
  • Экспозиция дизайнының негіздері [Текст] : Оқулық / сост. Г. Ш. Тогабаева. - Алматы : Лантар Books, 2022.
Қосымша әдебиеттер
  • Михайлов, Сергей Михайлович. История дизайна : учебник. Т.1. Становление дизайна как самостоятельного вида проектно-художественной деятельности / С.М.Михайлов. - М. : Союз дизайнеров России, 2004. - 278 c.
  • Михайлов, Сергей Михайлович. История дизайна : учебник. Т.2. Дизайн индустриального и постиндустриального общества / С.М.Михайлов. - М. : Союз дизайнеров России, 2004. - 392 c.
  • Дизайн архитектурной среды [Текст] : учебник / Г.Б.Минервин, А.П.Ермолаев, В.Т.Шимко и др. - М. : Архитектура-С, 2004. - 503 c.
  • Основы теории и методологии дизайна [Текст] : учеб. пособие / В.Ф.Рунге, В.В.Сеньковский. - М. : МЗ-Пресс, 2001. - 251 c.
  • Очерки истории материальной культуры и дизайна : научное издание / Л.Р.Турганбаева. - Алматы : Фонд Сорос-Казахстан, 2002. - 447 c.
  • Благова, Т.Ю. Креативные методы дизайна: Учеб. пособие / Т.Ю. Благова. – Благовещенск: Изд-во АмГУ, 2017. – 72 с.