Экономикалық ақпараттық жүйелер
Сипаттама: Пән пәндік-бағдарланған экономикалық ақпараттық жүйелерді ұйымдастырудың теориялық негіздері мен принциптерін қарастырады. «1С:Предприятие 8.3» құралдарын қолдану арқылы қолданбалы экономикалық міндеттерді орындау және экономикалық ақпараттық жүйелерді автоматтандыру бойынша практикалық дағдыларды қалыптастырады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Web технологиясы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Шығармашылық емтихан (компьютер сыныбында) |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Экономикадағы ақпараттық жүйелерді білетін және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, экономикалық ақпаратты сақтау, талдау және өңдеу үшін өз білімдерін қолдана алатын мамандарды даярлау.
Міндет
- жүйе теориясының негізгі ұғымдары, ақпараттық жүйелердің жіктелуі, кәсіпорынның ақпараттық технологияларымен танысу;
- экономикалық ақпараттық жүйелердің, қызметтік және қамтамасыз етуші ішкі жүйелердің құрылымын меңгеру;
- 1С:Предприятие платформасында экономикалық ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу дағдыларын игеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- қызметті автоматтандырудың бағдапламалық құралдары мен кәсіпорындарының ақпараттық технологиялары бойынша білімін көрсету;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- кәсіби қызметте ақпаратты алу, сақтау және өңдеу әдістері, тәсілдері мен құралдарын қолдану;
- қолданушы ретінде 1С: Кәсіпорын платформасында ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу, басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарды өңдеу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- ақпаратты өңдеу үшін экономикалық ақпараттық жүйелерді қолдану бойынша пайымдауды қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- ұжымда жұмыс істеу, өз көзқарасыңызды қорғау, ақпараттық технологияларды экономикада қолданудың жаңа шешімдерін ұсыну.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- қажетті ақпаратты жинау, оны жүйелеу және жалпылау, алған білімдерін практикада қолдану.
Оқыту әдістері
интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді формаларын қолдану: жетекпен (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; слайд-шоу немесе оқу фильмдері; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу);
ақпарат және байланыс (мысалы, әртүрлі операциялық жүйелер мен кәсіби қолданбалы бағдарламалық пакеттерді қолданатын компьютерлік сыныптағы сабақтар);
іздену және зерттеу (оқу процесінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі).
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Практикалық жұмыс 1 | 0-100 |
Практикалық жұмыс 2 | ||
Практикалық жұмыс 3 | ||
Практикалық жұмыс 4 | ||
Тестілеу кезеңі 1 | ||
2 рейтинг | Практикалық жұмыс 5 | 0-100 |
Практикалық жұмыс 6 | ||
Практикалық жұмыс 7 | ||
Тестілеу кезеңі 2 | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз | |
Практикалық жұмысты қорғау | Тәжірибелік жұмысты қажетті әрекеттер тізбегін сақтай отырып, толық көлемде орындайды; қатесіз барлық тапсырмалардың шешімдерін ұсынады. Сұрақтарға жауап беру кезінде сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, негізгі ұғымдарға нақты анықтама беріп, түсіндіреді; жауапты мысалдармен қосады; оқытылатын материал мен бұрын зерттелген материал арасында байланыс орната алады; оқытушы берген практикалық жұмысты қорғауға арналған жеке тапсырманы орындайды. | «өте жақсы» бағаға қойылатын талаптарды орындайды, бірақ 2-3 кемшілігі бар; Орындалған тапсырмаларда аздаған қателер бар. Студенттің сұрақтарға жауабы 5 жауапқа қойылатын негізгі талаптарды қанағаттандырады, бірақ бұрын зерттелгенмен байланыссыз беріледі; болмашы қателер мен олқылықтар жіберілген болса, студент оларды өз бетінше немесе мұғалімнің кішкене көмегі арқылы түзете алады; Тәжірибелік жұмысты қорғау бойынша жеке тапсырманы орындау кезінде болмашы қателіктер жібереді | жұмысты орындамайды, бірақ практикалық жұмыс көлемінің 50% кем емес; Жұмыс барысында қателіктер жіберілді. Сұрақтарға жауап беру кезінде студент сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, бірақ жауапта курс сұрақтарын меңгеруде бағдарламалық материалды одан әрі меңгеруге кедергі келтірмейтін кейбір мәселелер туындайды; Тәжірибелік жұмысты қорғау бойынша жеке тапсырманы орындау кезінде қателіктер жібереді. | жұмысты толық емес орындайды немесе жұмыстың аяқталған бөлігінің көлемі дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сұрақтарға жауап беру кезінде бағдарлама талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдыларды меңгермегендігін көрсетеді; 3 деген бағаға қажеттіден көп қателер мен кемшіліктер жіберген немесе қойылған сұрақтардың ешқайсысына жауап бере алмаған; оқытушы берген практикалық жұмысты қорғауға арналған жеке тапсырманы орындай алмайды |
Тестілеу кезеңі | 90-100% дұрыс жауаптар | 89%-70% дұрыс жауаптар | 69%-50% дұрыс жауаптар | 49%-0% дұрыс жауаптар |
Емтихан | 90%-100% орындалған тапсырмалар | 89%-70% орындалған тапсырмалар | 69%-50% орындалған тапсырмалар | 49%-0% орындалған тапсырмалар |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Бизнес-қосымшаларды жылдам әзірлеу құралдары «1С Предприятие» жүйесі және мақсаты
- "1С Предприятие " жүйесінің архитектурасы Масштабталуы және өнімділігі
- Конфигурация объектілеріне шолу Конфигурация объектісі туралы түсінік
- "Справочники (Анықтама)" конфигурация объектісі Тағайындалуы
- "Құжат" конфигурация объектісі Тағайындалуы
- "Регистра сведений (мәліметтер регистрі)" конфигурация объектісі Тағайындалуы
- "Регистр накопления (Жинақтау регистрі)" конфигурация объектісі Тағайындалуы
- "Отчет (есеп)" конфигурация объектісі Тағайындалуы
- Жүйелер теориясына кіріспе
- Экономикалық объектілерді басқарудағы ақпараттық жүйелердің рөлі мен орны
- Ақпараттық жүйелердің жіктелуі
- Экономикалық ақпараттық жүйенің құрылымы
- Экономикалық ақпараттық жүйелерді жобалау
- ЭАЖ құру технологиялары
Негізгі әдебиет
- Радченко М. Г., Хрусталева Е. Ю. Практическое пособие разработчика. Примеры и типовые приемы. Издание 3-е.- Москва.: ООО «1С-Паблишинг», 2023 г.
- Радченко М. Г. 1С:Программирование для начинающих. Детям и родителям, менеджерам и руководителям. Разработка в системе 1С:Предприятие 8.3. 2-е издание.- Москва.: ООО «1С-Паблишинг», 2022 г.
- Информационные системы в экономике : учебник для вузов / В. Н. Волкова, В. Н. Юрьев, С. В. Широкова, А. В. Логинова ; под редакцией В. Н. Волковой, В. Н. Юрьева. — Москва : Издательство Юрайт, 2023. — 402 с. — (Высшее образование). — ISBN 978-5-9916-1358-3.
- Ясенев В.Н. Информационные системы в экономике: Учебное пособие/В.Н. Ясенев, О.В. Ясенев – Москва: КНОРУС, 2021. - 428 с.
- Иванов Д. Ю., Новиков Ф. А. Основы моделирования на UML: Учеб. пособие. – СПб.: Изд-во Политехн. ун-та, 2010. – 249с
Қосымша әдебиеттер
- Усольцев А.А Информационные системы в экономике: Конспект лекций., Новокузнецк, Новокузнецкий филиал Томского политехнического университета, 2009. - 69 с.
- Горбенко А. О. Информационные системы в экономике [Электронный ресурс] : учебное пособие / А. О. Горбенко. — 3-е изд. (эл.). — М. : БИНОМ. Лаборатория знаний, 2015.
- Информационные системы в экономике: Учебно-методический комплекс / Сост. Пашков П.М., Соболева И.А., Машегова А.Т., ГайковаЛ.В. – Новосибирск: НГУЭУ, 2006. – 146 с.