Қаржыға кіріспе

Варавин Евгений Владимирович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курстың мәні елдің қаржы жүйесі, мемлекет пен қоғам мүддесінде ЖІӨ бөлу тәртібі болып табылады. Курс келесі бөлімдерден тұрады: мемлекет қаржысы, кәсіпорын қаржысы және халық қаржысы. Нәтижесінде, студенттер қаржы жүйесінің әртүрлі буындарында қалыптасатын қаржы ресурстары мен ақша қорларының құрамы мен құрылымын, жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оларды бөлу мен пайдаланудың тәртібі мен ерекшеліктерін білетін болады.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • 1. Қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін, олардың сыныптамасын, әлеуметтік - экономикалық үдерістегі орнын игеруде студенттердің теориялық және практикалық даярлығын қамтамасыз етуі.
Міндет
  • 1. Қаржының табиғатын, олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуда категориялар механизмінің мүмкіндіктерін зерделеу, қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс-әрекетін және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында оларды қолдаудың әдістерін түсінуге жету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • 1. Пәнді оқытудағы негізгі міндеттер студенттерге: - қаржылардың, жалпы алғанда қаржылық жүйенің теориясы бойынша тиісті білім беру; - қаржылық сферада қызмет ету үшін қажетті практикалық дағдыларды дарыту; - қаржы жүйесінің болашақ мамандарына мүмкін болатын қаржылық жаңалықтар, интернет-технологиялар және басқаларды ескере отырып жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • 1. Пәнді оқу нәтижесінде студент: - қаржыладың қызмет етуі мен теориялық аспектісін, сонымен қатар қазіргі қаржылық жүйені, оның құрылымын ұйымдастырудың формалары мен принциптерін оқып үйренеді; - өз бетінше экономикалық шешім қабылдау және талдау дағдысын, қаржы саласында практикалық дағдыларды меңгереді; - қаржы түсінігінің, қаржыларды басқаруа, қаржылық жоспарлау, қаржылық реттеу негіздерінің, қаржылық жүйе түсінігінің, мемлекет, шаруашылық жүргізуші субьектілер, үй шаруашылығы қатынастарының негізгідерінің теориялық аспектілерін меңгереді; - теорияда алған білімдерін практикамен ұштастыра білуді, қаржы жүйесінің қызметін жетілдіруге мүмкіндік беретін шараларды өңдеуді уйретеді; - «Қаржы» пәнінің экономикалық категорияларын, қазіргі заманғы қаржылық саясатты, шаруашылық операциялардың жүзеге асырырлуының негізгі ережелерін түсініп біледі; - қаржы жүйесінің экономикалық категорияларының негіздері туралы, сонымен қатар мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметтері және қаржылық нарықтың қызмет ету негіздері және т.б. туралы түсінік алады; - өзіндік экономикалық ойлауды, талдау нәтижелерін қорытындылауды, тиімді шешім қабылдау бойынша шараларды өңдеуді үйреніп, практикалық дағдыда меңгеріп, қаржы саласында ерекше арнайы білім алады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • 1. Курсты меңгеру барысында экономика мен қаржыларда нарықтык негіздерді қолдану жөнінде қолданыстағы шаруашылық праткиканы белсенді қолдануды қажет етеді. Сондықтан нарықтік қатынастардың дамуының жинақталған тәжірибесін және олардың қаржыға әсерін талдай және қорытындылай отырып, нарықтік экономиканың дамуының болып жатқан үдерістеріне үнемі көңіл бөліп отыру қажет. Бұл үшін курсты игеру кезінде студенттердің жеке-дара жұмысы, олардың курстық жұмыстар дайындауы, студенттік конференциялар мен басқа ғылыми- практикалық іс шараларға баяндамалар даярлап, қатысуын қарастырады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • 1. Аталған курс студенттерді кәсіптік қызметтерімен байланысты іскерлік этика нормаларын қадағалауды; дәстүрге, қоғамдық нормаларға, қоғадық пікірлерге негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды; кәсіптік қызметінде – командада жұмыс істеу қабілеттілігін, өзінің көзқарасын дұрыс дәлелдей білуін, жаңа шешімдерді ұсына білуін; тіл табыса білуін, ұжымның пікірімен санаса білуін, әр түрлі ситуацияларда, әр түрлі жағдайларда мобильді және икемді болуыу қабілеттіліктерінің болуына тәрбиелейді.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдысын меңгере білу және магистратурада білімдерін жалғастыру, алған білімін кәсіптік қызметінде пайдалануға шұғыл бейімдеу қабілеттілігі, ресурстарды қалыптастыру және бөлу кезінде тиімді қаржылық шешімдерді таба білуі, жеке басының өсуіне және кәсіптік өсуіне тырысуы.
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде келесі білім беру технологияларын қолдану қарастырылады: - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді формаларын қолдану: жетекшілікпен (жетекшілікпен) талқылау немесе әңгіме; модерация; слайдтарды немесе оқу ильмдерін көрсету; миға шабуыл; мотивациялық сөйлеу); көрсетілген жағдайларға негізделген әр түрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпарат және байланыс (мысалы, кәсіби бағдарламалық пакеттерді қолданатын компьютерлік сыныптағы сабақтар); - ізденіс пен зерттеу (оқу үдерісінде студенттердің өз бетінше ізденушілік қызметі); - тәрбиелік мәселелерді шешу.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Оқу әдебиеттерімен жұмыс, глоссарий құрастыру. 0-100
Презентацияны дайындау және қорғау
Зерттеу жұмыстарын дайындау және презентация жасап, қорғау
Тақырыптар бойынша тапсырма орындау
Тестілеу
2  рейтинг Презентацияны дайындау және қорғау 0-100
Тақырып бойынша тапсырмалар орындау
Зерттеу жұмыстарын дайындау және презентация жасап, қорғау
Топпен ағымдағы және өткен тақырыптар бойынша пікітралас
Тестілеу
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРУДЕГІ МӘНІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ РОЛЫ Қаржы экономикалық құндылық категориясы ретінде, қаржының қажеттілігі, олардың мәні, қаржы доктринасының дамуы
  • ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ «Қаржы жүйесі» және «қаржылық жүйе» ұғымдарының мазмұны, олардың сипаттамасы мен жіктелуі
  • ҚАРЖЫ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ Қаржылық саясат түсінігі, оның мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы орны
  • КӘСІПКЕРЛІК ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫЛАРЫ Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің жетекші буыны ретінде, олардың ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі
  • ҚОҒАМДЫҚ ҚАРЖЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
  • МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ҚАРЖЫЛАРЫ Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, олардың рөлі және бюджеттен тыс қорлардың жіктелуі
  • МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ Мемлекеттік несиенің мәні мен маңызы
  • ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАРЖЫСЫ Үй шаруашылықтары шаруашылық қызметтің субъектілері ретінде
  • СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ҚАРЖЫ Байланыс Сыртқы экономикалық қызметтің түрлері
  • ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯ Инфляцияның мәні және оның қаржымен байланысы
Негізгі әдебиет
  • 1.Бюджетный кодекс Республики Казахстан (с изменениями и дополнениями по состоянию на 14.07.2022 г.)
  • 2. Сапарова Б,С, Финансовый менеджмент. Учебник.-Алматы «Экономика», 2015
  • 3.Мельников В.Д. Основы финансов. Учебник для вузов. – Алматы: Издательство «Экономика», 2015
  • 4. Құлпыбаев С.К., Ынтықбаева С. Ж., Мельников В. Д. Қаржы. Учебник для вузов. - Алматы: «Экономика», 2019.
  • 5. Кодекс Республики Казахстан О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс) (с изменениями и дополнениями по состоянию на 11.07.2021 г.)
  • 6. 3. Melnikov V.D. Finance.-Almaty. Издатеоьство «LEM», 2016
Қосымша әдебиеттер
  • 1 Омирбаев С.М., Интыкбаева С. Ж., Парманова Р.С., Адамбекова А.А. Государственный бюджет: -Алматы: ТОО РПИК Дәуір, 2011
  • 2. Искаков У.М. Финансовые рынки и посредники: учебник.-Алматы? Экономика. 2012
  • 3. Ермекбаева Б.Ж. Салық салу негіздері: оқу құралы 2013
  • 4. 2. Мельников В.Д. Финансы. Учебник для вузов. - Алматы: ТОО «Экономика», 2011