Қаржылық-банктік статистика
Сипаттама: Қаржы-несие жүйесінің қызметі туралы ақпаратты жинау және өңдеумен, ақша айналымы саласындағы үрдістер мен заңдылықтарды зерттеу, қаржы нарығы саласындағы үрдістер мен заңдылықтарды зерттеумен айналысады, инфляция деңгейі, валюта бағамы, мемлекеттік бюджет тапшылығы, ақша айналымы сияқты маңызды құбылыстарды зерделейді және талдайды және осының негізінде елдің қаржы секторын дамыту туралы ғылыми негізделген қорытындылар жасайды
Кредиттер саны: 5
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- статистикалық көрсеткіштердің көмегімен Қазақстанның ақша-несие және банк жүйесі құбылыстарының, үрдістерінің даму өлшемін, құрамын, серпінін, факторлары мен перспективаларын сандық жағынан зерттеу.
Міндет
- студенттерді Қазақстанның ақша-несие және банк жүйесінің жалпылама статистикалық көрсеткіштерін есептеп, талдауға және олардың даму заңдылықтарын анықтауға үйрету
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- қаржы-банк статистикасында қолданылатын статистикалық көрсеткіштерді есептеу және талдау әдіснамасын білу және түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қазақстанның ақша-несие және банк жүйесінің құбылыстарының, процесстерінің дамуының өлшемі, құрамы, динамикасы, факторлары және перспективалары статистикалық көрсеткіштер көмегімен есептеу және талдау жасай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- қазіргі заманғы ақпараттық ағымдарда бағдар ала алады және әлемдік экономикадағы серпінді өзгеретін құбылыстар мен үрдістерге бейімделе алады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Кәсіптік қызметпен байланысты әр түрлі жағдайларда және ситуацияларда мобильділік және икемділік, кәсіптік ортаға тез үрену қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдысын меңгере білу және магистратурада білімдерін жалғастыру. Жеке басының өсуіне және кәсіптік өсуіне тырысуы.
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Қаржылық және банктік статистиканы зерттеудің теориялық негіздері
- Банк статистикасы ҚР-ның банк жүйесі, оны статистикалық зерттеу міндеттері
- Ақша статистикасы
- Сақтандыру статистикасы
- Бағалы қағаздар нарығы статистикасы
- Мемлекеттік бюджет статистикасы
- Қазіргі заманғы макродеңгейдегі қаржылық баланстар Қаржылық шот
- ҚР-ның қаржы ресурстары статистикасы
Негізгі әдебиет
- 1.Лазаревич И.М. Финансово-банковская статистика: Учебно-методический комплекс.- Минск, 2012-119 с.
- 2.Балдин, К.В. Общая теория статистики: Учебное пособие / К.В. Балдин, А.В. Рукосуев. - М.: ИТК Дашков и К, 2015. - 312 c.
- 3.Шокаманов Ю.К., Бельгибаева К.К. Статистика. Алматы. – Экономика, 2008
- 4 Жиляков, Д. И. Финансово-экономический анализ (предприятие, банк, страховая компания) : учеб. пособие / Д. И. Жиляков, В. Г. Зарецкая. – М. : КНОРУС, 2012. – 368 с.
- 5. Н.Шайтова Статистика (Экономика, бухгалтерлік есеп, Аудит).Оқу құралы-Астана: Фолиант, 2010.-216 бет
- 6.Статистика: Мұханбетова С.М. Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК Дәуір, 2011 ж.- 384 бет.
Қосымша әдебиеттер
- 1. Журнал «Банки Казахстана». – Алматы, http://www.kba.kz