Басқару есебі 1
Сипаттама: Бұл пән болашақ мамандарда кәсіпорындарда (ұйымдарда) бухгалтерлік басқару есебін ұйымдастыру және әдістемесі бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін есептік ақпаратты пайдалануды қалыптастырады. Оқу пәні басқару есебінің мынандай негізгі мәселелерін оқытуға бағытталған: шығындардың жіктелуі мен тәртібі; өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың дәстүрлі және заманауи әдістері; « шығындар- көлем- пайда» өзара байланысын талдау, жауапкершілік орталықтары бойынша есеп алу мен бақылау және басқару есебін дамытудың негізгі бағыттары.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Бухгалтерлік қаржылық есеп
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- кәсіпорында бухгалтерлік басқару есебін ұйымдастыру, кәсіпорынды жедел басқару, жұмыс нәтижелерін бақылау және бағалау, оның дамуын жоспарлау және үйлестіру мақсатында ішкі пайдаланушыларға толық ақпаратты дайындау және ұсыну бойынша теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Міндет
- басқару есебінің мазмұны, оның қағидаттары мен тағайындалуы туралы білімді қалыптастыру;
- ұйымдардың өндірістік қызметінің шығындары мен нәтижелерін есептеудің теориялық негіздерін меңгеру; калькуляция түрлері, пайда болу орындары және объектілері бойынша өндіріс пен өткізу шығындарын есепке алу
- шығындарды есепке алудың қазіргі заманғы әдістерін зерттеу (стандарт-кост, директ-костинг);
- басқару шешімдерін қабылдау үшін басқару есебінің ақпаратын пайдалану
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- есеп жүйелері туралы, қаржылық және басқарушылық есептің өзара байланысы туралы; бухгалтерлік басқарушылық есептің қазіргі заманғы тұжырымдамалары туралы (стратегиялық, функционалдық, операциялық);
- шығындарды есепке алу және өзіндік құнды калькуляциялау әдістерін; кешенді өндіріс шығындарын бөлу әдістерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - кәсіпорында басқару есебін ұйымдастыру және жүргізу; - басқарушылық шешімдер қабылдау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- - шешім қабылдауға менеджерлер үшін басқарушылық есеп ақпаратын дайындауға; - ұйымның ішкі есебін жасау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Кәсіптік қызметпен байланысты әр түрлі жағдайларда және ситуацияларда мобильділік және икемділік, кәсіптік ортаға тез үрену қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдысын меңгере білу және магистратурада білімдерін жалғастыру. Жеке басының өсуіне және кәсіптік өсуіне тырысуы.
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Басқару есебі туралы жалпы түсінік
- Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі
- Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
- Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебінің тасырыстық әдісі
- Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебінің үрдіспе - үрдіс әдісі
- Өзіндік құнды шығындарды толық үлестіру және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау (Директ-костинг)
- Кешенді өндіріс шығындарын тарату әдістері
- Өзіндік құнның функциональды калькуляциясы
- Нормативтік шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау мен ауыткуды талдау
Негізгі әдебиет
- Басова, А.В. Бухгалтерский (управленческий) учет: Учебное пособие / А.В. Басова, А.С. Нечаев и др. - М.: Инфра-М, 2017. - 393 c
- Друри Колин. Управленческий и производственный учет. Вводный курс: Учебник для студентов вузов. 5-е изд. Переработанное и дополненное – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2012.
- Серебрякова, Т.Ю. Бухгалтерский и управленческий учет. Лабораторный практикум: Учебное пособие / Т.Ю. Серебрякова, М.В. Антонова, О.Р. Кондрашова. - М.: Инфра-М, 2017. - 128 c.
- Керимов, В.Э Бухгалтерский управленческий учет: практикум для бакалавров / В.Э Керимов. - М.: Дашков и К, 2016. - 96 c
- Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. – Алматы: Экономика, 2005.
- Лысенко, Д.В. Бухгалтерский управленческий учет: Учебник / Д.В. Лысенко. - М.: Инфра-М, 2017. - 32 c.
- Каверина, О.Д. Управленческий учет: Учебник и практикум для академического бакалавриата / О.Д. Каверина. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 389 c.
- Воронова, Е.Ю. Управленческий учет: Учебник для академического бакалавриата / Е.Ю. Воронова. - Люберцы: Юрайт, 2016. - 428 c.
Қосымша әдебиеттер
- «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемелер туралы» ҚР Заңы, 2007 жылдың 28 ақпаны, № 234 - III. (2018 жылдың 2 шілдесіндегі өзгерістермен және толықтырулармен)
- Ұлттық қаржылық есептіліктің стандарты: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы, 31.01.2013 ж., № 50