Биотехникалық жүйелердегі басқару
Сипаттама: Басқару жүйелерін биотехникалық жүйелермен байланыстыра отырып, талдау, бағалау және оңтайландыру үшін автоматты басқару теориясының негізгі түсініктерін зерттеу және қолдану. Басқарудың автоматтандырылған жүйелерінде (АБЖ) шешімдерді оңтайландыру үшін сызықтық және динамикалық бағдарламалау әдістері қарастырылады. Студенттер басқару жүйесін өзгертуге арналған есептерді шешеді, сонымен қатар басқару процестерінің математикалық модельдерін сынап, құрастырады.
Кредиттер саны: 5
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаттары мен міндеттері: студенттерді әртүрлі мақсаттағы биотехникалық жүйелерді және денсаулық сақтауды басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құру кезінде қолданылатын автоматты және автоматтандырылған басқару теориясымен және әдістерімен таныстыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Білуге тиіс: қазіргі заманғы техникалық құралдарды қолдана отырып шешілетін басқарылатын медициналық-биологиялық эксперименттің міндеттері; медициналық-биологиялық экспериментті ұйымдастырудың қағидаттары, техникалық құралдары мен әдістері; медициналық-биологиялық ақпаратты жинауды, өңдеуді, экспериментті бақылау мен басқаруды ұйымдастыру тәсілдері; физиологиялық, биофизикалық және нейрофизиологиялық экспериментте биомедициналық зерттеулерді автоматтандыру жүйелерін техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Меңгеруі керек: техникалық құралдарды қолдана отырып, медициналық экспериментті ұйымдастыру кезінде алған білімдерін пайдалану; эксперименттік деректерді өңдеу мен ұсынуды тиімді ұйымдастыру. Меңгеруі тиіс: басқарылатын медициналық және биологиялық экспериментте зерттеулерді автоматтандырудың үлгілік құрылғылары мен бағдарламаларын пайдалану дағдылары.