Шаруашылықаралық жерге орналастыру
Сипаттама: ППәнге жерге орналастыру жобалаудың теориялық сұрақтары мен технологиясы, ауыл шаруашылығы ұйымдары мен ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер пайдаланудың пайда болуына байланысты шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын әзірлеу және негіздеу әдістері мен реттілігі кіреді.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
курстық жоба | |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Аумақтарды шаруашылық аралық жерге орналастыру саласында теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын алу.
Міндет
- Шаруашылық аралық жерге орналастыруды жобалау әдістемесін; жер пайдаланушылық пен жер иеленушілік жерлерін ұйымдастыру әдістерін; әр түрлі нысаналы мақсаттағы жер пайдаланушылықтарды жобалаудың ерекшеліктерін білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Жерге орналастырудың негіздерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Құқықтық және нормативтік техникалық құжаттамаларды білу негізінде жер кадастрын жүргізу, жер ресурстарын басқару, жерді бақылау және қорғау саласында кәсіби мәселелерді шешу үшін бар білімдерін қолдану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ақпаратты сараптау, әртүрлі жерге орналастыру және кадастрлық жұмыс өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжымда ұйымдастыру басқару қызметін атқаруға қабілет.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Жер учаскелерін бөліп беру және құқық белгілеуші құжаттарды рәсімдеуді, ауылшаруашылық және елді-мекен жерлерін пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүргізуді ұйымдастыру және орындау қабілеті.
Оқыту әдістері
1 Интерактивті дәрістерді пайдалану (слайд түріндегі лекциялар, жетекші (бақыланатын) талқылау, студенттік аудиториямен әңгімелесу).
2 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (компьютерлік сыныптарда практикалық сабақтар өткізу).
3 Ізденіс және зерттеу (студенттердің өзіндік зерттеу жұмыстары).
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Шаруашылық аралық жерге орналастырудың (ШАЖО) теориялық негіздері
- Шаруашылық аралық жерге орналастыру (ШАЖО) процес
- ҚР азаматтары мен заңды тұлғаларының жер пайдалануы мен жер иеленуін ұйымдастыру
- Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалар
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жаңа жер иеленулер мен жер пайдалануды қалыптастыру тәсілдері
- Шаруа қожалықтарының жер пайдалануын құру
- Ауылшаруашылық емес мақсаттарға жер бөліп беру
- Ауыл шаруашылық емес кәсіпорынның мекемелерінің және ұйымдарының жер пайдаланушылықтарын құру принципі мен мазмұны
- Ауыл шаруашылығы өндірісі шығындарының мөлшері мен түрлерін және оларды өтеу тәсілдерін анықтау
- Өнеркәсіптік кәсіпорындардың жер пайдалануын, желілік құрылыстарды салуға арналған учаскелерді, тау-кен өндіруші кәсіпорындардың жер пайдалануын жобалау ерекшеліктері
- шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларындағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар
- Жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарының түрлері
- Жер пайдаланудың кемшіліктері және оларды жою тәсілдері
- Жердің шектеулері мен ауыртпалықтарының түрлері
- Қала және кент шегін белгілеу жөніндегі жобаларды әзірлеу
Негізгі әдебиет
- Сейфуллин Ж.Т., Сейтхамзина Г.Ж. Особенности землеустройства в сельском хозяйстве: учебное пособие / Ж.Т. Сейфуллин, Г.Ж. Сейтхамзина- Алматы: Эверо, 2017. -216 с.
- Межхозяйственное (территориальное) землеустройство. Часть первая [Текст]: методические указания по выполнению самостоятельной практической работы по дисциплине «Основы землеустройства» для студентов направления 21.03.02 «Землеустройство и кадастры» / В.П. Сухомлин, Л.Г. Липина: Нижегор. гос. архитектур.-строит. ун-т.: Н. Новгород, ННГАСУ, 2014 - 54 с.
- Волков С.Н. Землеустройство. Учебники и учебные пособия для студентов высш. учеб. Заведений / Волков С.Н.. - М.: ГУЗ, 2013. – 992 с. Ил.75 (вкладка 32 рис).
- Исаев А.С. Землеустроительное проектирование. Межхозяйственное землеустройство. Рабочая тетрадь. ФГБОУ ВО «Российский государственный аграрный университет – МСХА имени К.А. Тимирязева». М.: 2017.
Қосымша әдебиеттер
- Земельный кодекс Республики Казахстан от 20 июня 2003
- Волков С.Н. Землеустройство. Теоретические основы землеустройства. Т.1. – М.: Колос, 2001. – С. 496
- Волков С.Н. Землеустройство. Экономика землеустройства. Т.5. – М.: Колос, 2001. – С.456.
- Землеустроительное проектирование / Под редакцией М.А.Гендельмана./ Агропромиздат, 1999. – С.380.
- Сулин М.А. Основы землеустройства. – СПб.: Знание, 2002.- С.224