Жерлерді геоэкологиялық бағалау
Сипаттама: Курс елді мекендер жерлерін бағалау әдістемесінің негізгі ережелерімен, елді мекендер аумақтарын жер-бағалау аудандастыру принциптерімен, елді мекендер аумақтарының инженерлік-геологиялық жағдайларын кешенді және қала құрылысы бағалау әдістемелерімен, елді мекендердің экологиялық жағдайын бағалау әдістемелерімен (атмосфералық ауаның, топырақтың, жер асты суларының, өсімдіктердің ластануын, радиациялық жағдайды бағалау) таныстырады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Жер кадастры
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | 30 |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
курстық жұмыс | |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Елді-мекен жерлерін кадастрлық бағасын, жер-бағалаулық аудандастырудың пайда болу принциптерімен таныстыру.
Міндет
- Студентті елді мекен жерлерінің инженерлік-геологиялық және экологиялық шарттарының жағдайларын бағалауды үйрету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- елді мекен жерлерінің жер-бағалаулық әдістері;
- жерді бағалау кезіндегі әр түрлі тәсілдерінің функционалды тағайындалыун білу;
- кадастрлық бағалау жұмыстарының технологияларын және құрамын білу
- елді мекен жерлерінің, қалаларды қайта құру, салу жобаларының экологиялық бағалауын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Шеберлік:
- - жер-бағалаулық аудандастыру технологияларын қолдану;
- -елді мекен жерлерінің инженерлік-геологиялық және экологиялық шарттарын бағалау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Өндіріс тәсілері туралы акпаратты талдау қабілеттілігі, негізделген пікірді айту және негізделген қортынды жасай білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- - команда мүшесі ретінде тиімдң жеке жұмыс істеу;
- - ұжымдағы ұйымдастыру-басқару функцияларын орындау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Инженерлік-геологиялық және экологиялық шарттарды бағалау.
- Компьютерлік технологияларды қолдана отырып геоэкологиялық карталау.
- Әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып елді мекен жерлерді геоэкологиялық бағалауды орындау қабілеті.
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- «Жерлерді геоэкологиялық бағалау»
- Елді мекен жерлерінің жер-бағалаулық аудандастыру принциптері
- Инженерлі-геологиялық шарттарды жан-жақты бағалау
- Геоморфология
- Геология
- Гидрогеология
- Инженерлі-геологиялық процесстер
- Аумақтың инженерлі-геологиялық шарттарын бағалау жан-жақты әдісі
- Елді мекенердің инженерлі-геологиялық шарттарын қала құрылыстық бағалау әдісі
- Елді мекендердің экологиялық жағдайын бағалау
- Топырақтың ластануы
- Жер асты суларының ластануы
- Өсімдіктің ластануы
- Қалаларда және елді мекендерде кадастрды жүргізу әдісі
- Қалалық кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу тәртібі
Негізгі әдебиет
- Максимов В.А., Ипалаков Т.Т. Геоэкологическая оценка земель в системе городского кадастра. – Усть-Каменогорск: ВКТУ, 1999
- Геоэкологическое картографирование. /Под ред. Б.И. Кочурова. – М.: ACADEMA, 2009
- Макаренко Н.А., Архипов А.Л. Геоэкологическое картирование: Методические указания к курсовой работе. – Томск: Томский гос. ун-т, 2007
- Гендельман М.А., Крыкбаев Ж. Научные основы землеустройства и земельного кадастра.- Астана, 2003
Қосымша әдебиеттер
- ГОСТ 2874-82. Вода питьевая. М.: Издательство стандартов, 1983
- ГОСТ 17.4.3.06 – 86. Охрана природы. Почвы. - М.: Издательство стандартов, 1987
- СНиП II-15-74. Основания зданий и сооружений. - М.: Стройиздат, 1975м