Қаржылық менеджмент (ілгерілемелі курс)
Нурекенова Эльвира Собетоллаевна
Сипаттама: Пән студенттердің қаржылық менеджмент негіздері, оның мақсаттары, міндеттері, әдістері мен принциптері туралы теориялық және әдіснамалық білімдерін қалыптастыруға, активтерді, меншікті капиталды және міндеттемелерді, портфельдік инвестицияларды тиімді басқару, ақша ағындарын реттеу, компанияның тәуекелдерін бағалау және басқару, оның құнын анықтау бойынша практикалық дағдыларды дамытуға арналған. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы компанияны қаржылық жоспарлау, оның капитал құрылымын оңтайландыру, қаржыландыру көздерін қалыптастыру және капиталды басқару саясатын әзірлеу саласында құзыреттерге ие болады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Қаржы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Қазіргі қаржылық менеджменттің әдістері және ұстанымдарына, мақсаттарына, міндеттеріне сәйкес магистранттарды жүйелі түрде оқыту; жұмыс берушілердің талатарына сәйкес келетін, қаржылық менеджмент саласында кәсіптік қызметті орындауға жеткілікті деңгейде білімге, іскерлікке ие мамандарды дайындау. Қаржылық менеджмент (ілгерілемелі курс) пәнін оқытудың басты мақсаты магистранттардың қазіргі қаржы менеджменті туралы түсінігін кәсіпорынның қаржысын басқару өнері, тәжірибесі және ғылым ретінде бекітуінен құралады.
Міндет
- Пәнді игеру барысында магистранттар алдында келесідей міндеттер қойылады: қаржы менеджментінің негізгі категорияларының мазмұнын терең оқып, білу; қаржы жүйесін басқару және ұйымдастыру қағидаларымен, құрылымымен, құрамдас бөліктерімен танысу; ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезіндегі қаржының функциялары мен рөлін қарастыру; қаржылық және экономикалық саясатта қаржылық механизм арқылы қаржылық қатынастарды қолдану мүмкіндігін үйрену; қаржы саласындағы қазіргі мәселелерді талдай білу және тиісті шешімдер қабылдап үйрену.
- ознакомиться с составом, структурой, принципами организации и управления финансовой системой;
- рассмотреть функции финансов, их роль в расширенном воспроизводстве, возможности использования финансовых отношений в экономической и финансовой политике предприятия и их реализации через финансовый механизм;
- уметь анализировать современные проблемы в области финансов и находить способы их решения.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Білу және түсіну: кәсіпорынның инновациялық дамуы жағдайында қаржылық менеджменттің мақсатын, ұстанымдары мен міндеттерін; қаржылық басқарудың әдістері мен тәсілдерін; қаржылық жоспарлаудың түрлерін; фирманың бюджетін қалыптастыру әдістерін және оның қаржысын басқаруды; тәуекелді ескеретін портфелді басқарудың тиімділігін өлшеуде туынды критерийлерді білу; қаржылық мәселелерді шешуде негізгі қаржылық көрсеткіштерді жоспарлау және болжамдау білу
- форм и методов финансового управления;
- видов финансового планирования, способов формирования бюджета фирмы и управления ее денежной наличностью;
- основ управления основным и оборотным капиталом;
- финансового механизма управления предприятием и его инструментов.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Ұзақ мерзімді инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін негіздеу, жобаларды бағалау кезінде қаржылық шешімдер қабылдау үшін есептеулер жүргізу дағдылары
- Қаржылық емес көрсеткіштерді қаржылық басқару объектісі саласында білімін біріктіре алу
- Қаржылық тәуекелдерді бағалау және оларды төмендету тәсілдерін, дивиденттік саясатын қалыптастыру тәсілдерін, капитал жұмсауды жоспарлау, инвестициялардың тиімділігін бағалау критерийлерін анықтау дағдылары
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Қаржылық ақпараттарды дұрыс түсініп және олармен жұмыс істеуге үйрену
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру үшін дұрыс басұарушылық шешімдерді қабылдау қабілеті. қаржылық жоспар құрастыру, дивиденттік саясатты таңдау, капитал салымы бойынша шаралардың тиімділігін бағалау мен талдау туралы мәліметтерді түсіндіру, кәсіпорынның экономикалық жағдайын анықтауға қабілетті болу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Топта жұмыс істеуге қабілетті, өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алады, жаңа шешімдер ұсынады, келісім таба алады, өз ойын коллектив ойымен салмақтайды. ЖОО-да «Қаржылық менеджмент» пәнін жүргізуге және ғылыми зерттеулерді орындауға септігін тигізетін, кәсіби деңгейде шетел тілдерін меңгеру; өзінің ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс жеткізуге мүмкіндік беретін, кәсіби қарым-қатынас дағдыларын бойына сіңіру; қаржы саласындағы мәселелерді шешуде заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды қолдана білу.
- наличие навыков профессионального общения, правильного и логичного оформления своих мыслей в устной и письменной форме способен использовать для решения коммуникативных задач современные технические средства и информационные технологии в учетном процессе и при проведении аудиторских проверок
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін докторантурада жалғастырады. Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады
- наличие навыков расширения и углубления знаний, необходимых для повседневной профессиональной деятельности и продолжения образования в докторантуре
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді: - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу
построение сценариев развития различных ситуаций на основе заданных условий;
информационно-коммуникационная (например, занятия в компьютерном классе с использованием профессиональных пакетов прикладных программ);
поисково-исследовательская (самостоятельная исследовательская деятельность обучающихся в процессе обучения);
решение учебных задач.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Решение задач по теме | 0-100 |
Решение задач по теме | ||
Решение задач по теме | ||
Решение задач по теме | ||
Тестирование | ||
2 рейтинг | Решение задач по теме | 0-100 |
Решение задач по теме | ||
Решение задач по теме | ||
Решение задач по теме | ||
Тестирование | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Қаржылық менеджменттегі жүйелік тәсіл
- Айналым капиталын басқару
- Бизнесті оның тиімділігі тұрғысынан бағалау
- Фирма қызметін жоспарлау және оның қаржыландырудағы қажеттілігін болжамдау
- Бизнестің дамуы және динамикалық өзгерістер
- Ақша ағындары және ақшаның уақытша құндылығы
- Инвестициялық шешімдерді талдау
- Бизнес саласында шешім қабылдау және капитал құны
- Қаржыландырудың әртүрлі нұсқаларын салыстырмалы талдау
- Кәсіпорынның құны мен тиімділігін бағалау
- Акционерлік капиталдың құнын басқару
Негізгі әдебиет
- Басовский, Л. Е. Финансовый менеджмент : учебник / Л. Е. Басовский. — Москва : ИНФРА-М, 2019. — 240 с.
- Герасименко, А. Финансовый менеджмент – это просто. Базовый курс для руководителей и начинающих специалистов / А. Герасименко. – 5-е изд. – М. : Альпина Паблишер, 2021. – 481 с.
- Кириченко, Т. Т. Финансовый менеджмент / Т. Т. Кириченко. — Москва : Дашков и К, 2018. — 484 с.
- Левчаев, П. А. Финансовый менеджмент : учебное пособие. — Москва : ИНФРА-М, 2020. — 247 с.
- Лимитовский М. А., Паламарчук В. П., Лобанова Е. Н. КОРПОРАТИВНЫЙ ФИНАНСОВЫЙ МЕНЕДЖМЕНТ. Учебно-практическое пособие - М.:Издательство Юрайт - 2019 - 990 с.
Қосымша әдебиеттер
- Ковалев, В. В. Финансовый менеджмент в вопросах и ответах / В. В. Ковалев, В. В. Ковалев. – 2-е издание. – Москва : Издательство Проспект, 2018. – 336 с.
- Лукасевич И. Я. - ФИНАНСОВЫЙ МЕНЕДЖМЕНТ В 2 Ч. Учебник и практикум для бакалавриата и магистратуры - М.:Издательство Юрайт - 2019