Радиациялық әсер кезіндегі құрылым түзілуі
Сипаттама: Радиациялық әсер кезіндегі құрылымдық түзілу – қазіргі таңдағы физика және радиациялық материалтанудың ең басты ғылыми бағыты. Ол әртүрлі ұзақтықты және толқын ұзындықты интенсивті жарық ағынының әсерінен заттарда (әсіресе конденсациалық күйлерде) жүретін фундаментальды, фотофизикалық және кұрылымдық процестер туралы түсініктерге толықтырулар енгізуге көмектесеті. Және де ол радиациялық әсерлер мен олардың технологияда қолдануымен байланысты көптеген қосымша бағыттарының физикалық негіздерін құрастыруға көмектесті.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Зерттеулердің физикалық әдістері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | |
Зертханалық жұмыстар | 30 |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- 1. Студенттердің радиациалық физиканың теориялық негіздерін түсінуі, радиациялық материалтану және сәулеленудің затқа әсер ету түрлерінің басты тәжірибелік әдістерімен танысу. Студенттердің ғылыми көзқарасын және қазіргі таңдағы физикалық әлем туралы түсінігін қалыптастыру. Физика туралы негізгі түсніктердің, заңдылықтардың, классикалық теорияның және жаңа радиациялық физиканың ішкі байланыстылығындағы және толықтығындағы мағынасын ашу, өйткені болашақ бакалаврға физикалық құбылыстарды кең көлемде сипаттаумен қатар, белгілі жағдайларда қолдана алатын физикалық заңдар мен түсініктерді, олардың қолданылу шекарасын білу де маңызды.
Міндет
- 1. Студенттерге радиациялық әсер кезіндегі құрылым түзілу аясындағы жаңа ғылыми жетістіктерді ескере отырып қазіргі таңға сәйкес білім беру. Мысалы оларға жататындар: - жарықты жұту механизмдері; - сәулелену кезіндегі энергияның берілуі және жоғалуы; - жұтушы материалдардың қызу және бұзылу заңдылықтары; Студенттерде эксперименталдық және теориялық әдістерімен зерттеу нәтижесінде алынған нәтижелерді дұрыс бағалау деңгейін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Студенттер білуі қажет: - механикалық, жылулық қозғалыстардан бастап, электромагниттік, атомдық және ядролық құбылыстарды зерттеудің мақсаты мен ары қарай жетілдіру жолдарын; Дағдылары: - физикалық құбылыстар, ұғымдар, заңдар, теориялар, әдістер тәжірибелік фактілер жайлы білімдерін практика саласында нақты қолдана білу; - қазіргі ғылымның даму дәрежесіне сай әлемнің ғылыми бейнесін беретін көзқарастарды қалыптастыру;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- студенттер білу қажет: механикалық , жылулық қозғалыстардан бастап, электромагниттік, атомдық және ядролық құбылыстарды зерттеудің мақсаты мен ары қарай жетілдіру жолдарын.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Студенттерге радияциялық әсер кезіндегі құрылым түзілу аясындағы жаңа ғылыми жетістіктерді ескере отырып қазіргі таңға сәйкес білім беру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Радиациялық әсер кезіндегі құрылымдық түзілу курсын оқу үшін студенттер төменгі пәндерді білуі қажет Қолданбалы қатты денелер физикасы -молекулалық физика -микроэлектроника -радиоэлектроника -ықтималдылықтар теориясы Информатика Философия
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Осы пәннің арқасында студенттер ғылымға қөзқарасын және қазіргі заманғы физика әлемінің бейнесін нақты көрсетуге қажет, жалпы инженерлік және арнайы пәндерді оқуда қажет болатын білім алады.
Негізгі әдебиет
- 1. Ферми Э. "Ядерная физика", пер. с англ., Москва, изд. "Иностранная литература", 1951 г. 2. Левин В.Е. "Ядерная физика", М.: «Атомиздат», 1975 г. 3. Герасимов А.С., Зарицкая Т.С., Рудик А.П. "Справочник по образованию нуклидов в ядерных реакторах", М.: «Энергоатомиздат», 1989 г. 4. Яворский Б.М., Детлаф А.А. «Курс Физики», т. 3. М. «Высшая школа». 5. Немец О.Ф., Гофман Ю.Г. «Справочник по ядерный физике», Киев, «Наукова думка», 1975. 6. Милантьев В.П. Атомная физика М: , 1999. 7. Широков Ю.М., Юдин Н., Ядерная физика. — М.: «Наука», 1980. 8. Мухин К.Н. Экспериментальная ядерная физика. т. 1, 2. М.: «Энергоатомиздат», 1983. 9. Шалаев А.М. Свойства облученных металлов и сплавов. Киев, 1985. 10. Наумов А.И. Физика атомного ядра и элементарных частиц. М.: «Просвещение», 1984. 11. Газиорович С. Физика элементарных частиц. М.: «Наука», 1969. 12. Кейн Г. Современная физика элементарных частиц. М.: «Мир», 1990. 13. Блан Д. Ядра, частицы, ядерные реакторы. М. «Мир», 1989.