Инженерлік талдаудағы аналитикалық және сандық әдістер
Сипаттама: Бұл пән қазіргі жағдайда көлік процесін зерттеу әдістерінің дамуының объективті заңдылықтары мен үрдістерін анықтаумен байланысты сұрақтар шеңберін қамтиды. Модельдеу әдістерінің жіктелуі қарастырылады, сондай-ақ экспериментті жоспарлау теориясының негіздерін зерттеу, аналитикалық және имитациялық модельдеу әдістерін пайдалана отырып экспериментті зерттеулерді өңдеу қарастырылған.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Жеткізу тізбектерін басқару
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Магистранттарға көлік жүйелерін болжау мен оның бәсекеге қабілеттілігін бағалау саласында зерттеулер жүргізу дағдылары мен ғылыми және кәсіби білім жүйесін қалыптастыру
Міндет
- Көлік жүйесінің тиімділігін арттырудың қолданбалы міндеттерін шешу үшін болжау әдістемесінің негізгі ережелері туралы түсінік қалыптастыру; магистранттармен көлік жүйелерін бағалаудың ұйымдастыру және әдістемелік негіздерін оқу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Магистрант болжаудың негізгі анықтамаларын, ережелерін, әдістерін, тәсілдерін және болжауды өткізу әдістемесін, болжауды ұйымдастыру нысандарын білуі керек
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Ғылыми және инженерлік-қолданбалы есептеулерді орындай алу, алынған нәтижелерді талдау, талдау нәтижелерін синтездеу негізінде қорытынды жасау, көлік үрдістерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- көлік жүйелерінің жағдайы туралы пайымдаулар тұжырымдау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Қазіргі заманғы технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, кәсіби қызмет саласында ақпараттық технологияларды пайдалану шеберлігі
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіби қызмет үшін қажетті және докторантурада оқуын жалғастыру үшін жаңа арнайы білім алу дағдыларын меңгеру
Оқыту әдістері
жалпы көліктің және оның объектілерінің жұмысын реттейтін құжаттарды талдау; - көлік мәселелерін шешу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану; - компьютерлік құралдарды қолдану;
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Сандық интеграция
- Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін шешудің сандық әдістері
- Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін шешудің итерациялық әдістері
- Коши мәселесін шешу әдістері
- Функцияларды жақындату әдістері
Негізгі әдебиет
- Кузнецов А.П. Методологические основы управления грузовыми перевозками в транспортных системах. – М.: ВИНИТИ, 2009. – 276 с. Прогнозирование и планирование в условиях рынка: Учебное пособие для вузов/Т.Г. Морозова, А.В. Пикулькин, В.Ф. Тихонов и др.; Под ред. Т.Г. Морозовой, А.В. Пикулькина. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000. – 318 с. Терешина Н.П., Шкурина Л.В. Конкурентоспособность железнодорожного транспорта: оценка имущественного и финансового потенциала. – М.: УМК МПС, 2009. – 128 с.
Қосымша әдебиеттер
- Аналитические и численные методы планирования экспериментов и инженерного анализа : учебно-методическое пособие / Сибирский федеральный университет, Институт космических и информационных технологий ; сост.: С. В. Кириллова, К. А. Кириллов, К. В. Симонов. - Красноярск : СФУ, 2021 (2021-12-02). - 56 с. Антоник В.Г. Численные методы: математический анализ и дифференциальные уравнения: учебник/ Иркутск. Изд. Иркутского университета, 2007 - 63 с. Д. Холл. Современные численные методы решения обыкновенных дифференциальных уравнений: учебное пособие/ 2012 – 312 стр. Демидович Б.П., Марон И.А., Шувалова Э.З. Численные методы анализа: приближение функций, дифференциальные и интегральные уравнения: Учебное пособие/ 3-е изд., перераб. — М.: Наука, 1967. — 368 с.