Жол жүрісін ұйымдастырудың қазіргі әдістері
Сипаттама: Қарастырылатын пәнде қазіргі жағдайдағы жол қозғалысы үрдісінің ерекшеліктері, Қазақстан Республикасы қалаларында жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша ғылыми-әдістемелік және нормативтік қамтамасыз ету мәселелері, Қазақстан Республикасы қалаларының көше-жол желісінде жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша практикалық іс-әрекет негіздері болып табылады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Қазақстан Республикасының жол-көліктік кешені
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Бұл пәнді оқытудың мақсаты болып жол жүрісі үдерісін зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін, жол жүрісін қауіпсіздігі саласында қолданыстағы нақты әдістерді, олардың пайдалану болашағын оқу болып табылады
Міндет
- - жол жүрісі үдерісінің қазіргі заман жағдайларындағы ерекшеліктерін оқу; - жол жүрісін ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттердің теориялық және практикалық негіздерімен танысу; - жол жүрісі үдерісін зерттеу үшін қолданылатын әдістерді қарастыру; - магистранттарды жол жүрісін ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерімен және олардың жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қолдану мысалдарымен таныстыру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- - жол қозғалысы үдерісін іс-әрекет объектісі ретіндегі ерекшеліктері; - жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша тәжірибелік іс-әрекеттердің теориялық негіздері; - жол қозғалысын зерттеудің қазіргі заманғы әдістері, олардың жол қозғалысын ұйымдастыру сұрақтарына байланысты пайдалану ерекшеліктері; - жол қозғалысын ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалану шарттары
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер үшін сұрақтарды тұжырымдау; - қойылған сұрақтарды шешу үшін қазіргі заманғы әдістерді таңдай білуі; - жол қозғалысын ұйымдас-тыру бойынша іс-әрекеттер-дің нәтижелерән талдау, түсіндіру және мағынасын жеткізе білу; - алынған білімдерді жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми және қолданыстағы сұрақтарды шешу қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Жол қозғалысы мен көліктік үрдістің тиімділігін арттыруға байланысты жағдай жасауға қажетті теориялық білімін пайдалана білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Тіл пәндер саласындағы негізгі білімді игеру, кәсіби қызмет саласында шет тілдерді еркін меңгере білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Профильді пәндерді меңгеру үшін және мамандық бойынша білімін жалғастыруға қажетті жаңа білімді игеру дағдысын меңгеру.
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді:: - Сабақтар білім алушыларды білімді іздеу мен басқаруға тартуға, Міндеттерді өз бетінше шешу тәжірибесін алуға ықпал ететін белсенді және шығармашылық нысандарда өткізіледі, оның ішінде: - оқу-зерттеу қызметінің технологиялары; - коммуникативтік технологиялар (пікірталас, оқу дебаттары); - ақпараттық-коммуникациялық (оның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялар.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Кіріспе дәріс
- Жол қозғалысын басқару жүйесі ретінде ұйымдастыру
- Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
- Жол-көлік оқиғалары оларды есепке алу және талдау ЖКО анықтау және жіктеу
- Көлік және жаяу жүргіншілер ағынын сипаттайтын негізгі параметрлер
- Күрделі жағдайларда: түнде, қыста, таулы жерлерде, жөндеу жұмыстары кезінде және т
- Қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдары
- Жаяу жүргіншілер ағындарының қозғалысын ұйымдастыру құралдары
- Жүйенің құрылымы және қозғалысты басқару әдістері
- Қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйелері
- Бейімді басқару
- Үйлесімді басқару
- Ерекше қозғалыс жағдайындағы заманауи техникалық басқару құралдары
- Автомобильдік навигациялық жүйелерді пайдалана отырып, жол қозғалысын ұйымдастыру сапасын бағалау әдістерін жетілдіру
- ҚР-да қолданылатын зияткерлік көлік жүйелері
Негізгі әдебиет
- 1 Воля П.А. Организация движения: Учебное пособие/ П.А. Воля, И.А. Новиков, Ю.В. Семикопенко, Л.Е. Гай. – Белгород: Изд-во БГТУ им. В.Г. Шухова, 2012. – 287 с. 2 Клинковштейн Г.И. Организация дорожного движения: Учеб. для вузов/ Г.И. Клинковштейн, М.Б. Афанасьев. – М.: Транспорт, 2001. – 247 с. 3 Организация дорожного движения в городах: Методическое пособие/ под общ. ред. Ю.Д. Шелкова. – М.: НИЦ ГАИ МВД РФ, 1995. – 143 с. 4 Пугачев И.Н. Организация дорожного движения: Учебное пособие/ И.Н. Пугачев, А.Э. Горев, А.И. Солодкий, А.В. Белов; под ред. А.Э. Горева. – М.: ИЦ «Академия», 2013. – 240 с.