Ғылыми зерттеулерде деректерді интеллектуалды талдау
Сипаттама: Курс деректерді интеллектуалды талдаудың жұмыс істеу принциптері мен кезеңдерін және модельдерді құру бойынша сұрақтардаы зерттеуге; Data Mining әдістері мен құралдарын қолданудың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Диссертациялық зерттеу бағыты бойынша ғылыми-техникалық мәселелерді шешу мақсатында бақыланатын және бақылаусыз оқыту әдістері бар алгоритмдері және деректерді өңдеу нәтижелерін бағалау кезеңдері зерттеледі.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Ақпараттық процесстерді талдау және модельдеу
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | |
Зертханалық жұмыстар | 30 |
СӨЖО | 75 |
СӨЖ | 30 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- докторанттарда деректерді іздеу технологиялары, құралдары және оларды пайдалану туралы тұтас түсінікті дамыту, әртүрлі ғылыми және практикалық мәселелерді шешу үшін деректерді іздеу әдістерін зерттеу және қолдану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- понимание принципов и методов интеллектуального анализа данных, знание инструментов и методов анализа данных для извлечения новых знаний и выявления закономерностей.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- деректерді алдын ала өңдеуді жүзеге асыру мүмкіндігі, деректерді іздеудің сәйкес әдістері мен алгоритмдерін қолдану мүмкіндігі, деректерді өңдеуге арналған құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді білу, деректерді өңдеу кезінде алынған нәтижелерді интерпретациялау қабілеті, ғылыми зерттеулерде этикалық нормаларды сақтау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- деректердің сапасын, сенімділігін және өзектілігін бағалау, өз идеяларын ұсыну, логикалық дәлелдеу, қорытынды жасау және негізделген шешім қабылдау қабілеті.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Орындалған жұмыс кезеңдерін, қолданылған әдістерді және алынған нәтижелерді нақты және құрылымды сипаттау, сұрақтарға жауап беру және деректер негізінде өз ұстанымын дәлелдеу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Әртүрлі ақпарат көздерін талдай білу, деректерді өңдеу үшін қолданылатын жаңа тәсілдер мен әдістер мен құралдарды меңгеру.