**Қатты наноқұрылымдық жабындар мен жұқа пленкалардың құрылымдық-фазалық күйін, элементтік құрамын, физика-механикалық және трибологиялық қасиеттерін зерттеу бойынша эксперименттік зерттеулерге қосқан үлесі**
**Соңғы 5 жыл ішінде Ескермесов Д.К. алған ең маңызды ғылыми нәтижелері:**
- Вакуумдық доғалы тұндыру әдісімен алынған (Zr-Ti-Nb)N негізіндегі көпкомпонентті наноқұрылымдық нитридті жабындардың элементтік құрамы мен фазалық құрылымына тұндырудың физикалық параметрлерінің әсері өзара толықтыратын талдау әдістері арқылы зерттелді.
- Үш компонентті жабындарда негізгі фаза – (111) өсу текстурасына ие ГЦК торлы қатты ерітінді фазасы екені, сондай-ақ аз мөлшерде (110) өсу текстурасына ие ОЦК торлы фазаның бар екені анықталды.
- Қаттылықты өлшеу бойынша жүргізілген эксперименттердің нәтижелері (Zr-Ti-Nb)N жабындарында қаттылық 37–45 ГПа, ал (Zr-Ti-Nb-Cr)N жабындарында 31–44 ГПа деңгейінде екенін көрсетті. Сонымен қатар, Si элементімен легирлеу қаттылықтың 24–29 ГПа дейін төмендеуіне алып келетіндігі анықталды.
- Камера ішіндегі қысымды 0,05 Па-дан 0,3–0,7 Па-ға дейін және ұнтақтама кернеуін -100 В-тан -200 В-қа дейін арттырғанда, жабынның подложкамен адгезиясы артатыны көрсетілді.
- Алынған ғылыми нәтижелер Web of Science және Scopus халықаралық ақпараттық базасына кіретін жоғары импакт-факторлы шетелдік журналдарда, сондай-ақ ҚР ҒЖБМ КОКНВО тізіміндегі отандық ғылыми басылымдарда жарияланып, беделді халықаралық конференциялар аясында апробациядан өтті.
**Халықаралық ғылыми ынтымақтастық:**
Ескермесов Д.К. әлемдік ғылыми орталықтардың жетекші ғалымдарымен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді. Ол Линкольн университетінің (Ұлыбритания) математика және физика мектебінің профессоры Вакар Ахмедтің (Waqar Ahmed) ғылыми тобымен, сондай-ақ Нортумбрия университетінің (Ұлыбритания, Ньюкасл) инженерлік материалдар және механика тобының жетекшісі профессор Мартин Биркеттпен (Martin Birkett) және профессор Иен Сковенмен (Ian Scowen) тығыз ғылыми ынтымақтастық орнатқан. Алынған ғылыми нәтижелер көпфункционалды жабындарды әртүрлі тұндыру әдістерімен синтездеу саласында ғылыми қауымдастықта жоғары бағаланып, кеңінен танылды.
**Ғылыми тағылымдамалар мен марапаттар:**
- 2022–2023 жылдары «Болашақ» бағдарламасы аясында «500 ғалым» жобасы бойынша Линкольн университетінің (University of Lincoln, UK) математика және физика мектебінде бір жылдық ғылыми тағылымдамадан өтті.
- 2023 жылдың 1–25 тамызы аралығында Қытайдың Тяньцзинь қаласындағы Tianjin Vocational Institute базасында «Kazakhstan Luban Workshop» жобасы бойынша тағылымдамадан өтті.
- 2024 жылдың 9–22 қыркүйегі аралығында Литва Республикасының Вильнюс университетінің химия және геология факультетінде тағылымдамадан өтті.
- 2021 жылы Өскемен қаласы әкімінің «Жас ғалым – Алау 2021» номинациясы бойынша жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін сыйлық иегері атанды.
- 2022 жылы жоғары Хирш индексі үшін Басқарма төрағасы – ректор Ж.Шаймардановтың «Жылдың жас ғалымы» номинациясы бойынша Құрмет грамотасымен марапатталды.
- 2023 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің алғыс хатымен марапатталды.
**Қатысқан жобалар (ГФ және ПЦФ):**
2. BR24992862 – «Жаңа буындағы отандық медициналық импланттарды жасауға арналған инновациялық технологиялар мен жаңа материалдарды әзірлеу» (2024–2026 жж., ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті) – орындаушы.
4. AP08857579 – «Экстремалды трибологиялық қолданылымдарға арналған адаптивті нанокомпозиттік жабындарды әзірлеу» (2020–2022 жж., ҚР БҒМ Ғылым комитеті) – орындаушы.
5. AP09261164 – «ЖЭС қазандықтарының болат элементтерінің коррозиялық және эрозиялық тозуға төзімділігін арттыру» (2021–2023 жж., ҚР БҒМ Ғылым комитеті) – орындаушы.
**Іске асырылған жобалар:**
1. BR24992854 – «ШҚО тау-кен металлургия саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге арналған бәсекеге қабілетті ғылыми негізделген технологияларды әзірлеу және енгізу» (2024–2026 жж., ҚР ҒЖБМ Ғылым комитеті) – орындаушы.
3. AP22683206 – «Жақсартылған механикалық қасиеттері бар Ti-Au негізіндегі жабындарды PVD әдісімен биомедициналық мақсатта зерттеу және алу» (2024–2026 жж., «Жас ғалым» жобасы) – постдокторанттың ғылыми кеңесшісі.
- 2021 жылы AP09563455 – «Плазмалық-электролиттік тотығу және кейіннен детонациялық кальций-фосфат жабындарын жағу арқылы медициналық титан қорытпасын кешенді өңдеу әдісін әзірлеу» жобасы сәтті жүзеге асырылды.
- 2024–2026 жылдарға арналған ғылыми жобалар конкурсы шеңберінде AP23490818 – «Мұнай-газ өнеркәсібінде химиялық реагенттерді мөлшерлеу үшін қолданылатын сорғы плунжерінің тозуға төзімділігін арттыру» жобасы мақұлданды.
**Ғылыми кадрларды даярлауға қосқан үлесі:**
Ескермесов Д.К. студенттерді, магистранттар мен докторанттарды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, түрлі ғылыми конкурстарға қатыстыру және инженерияның халықаралық мектебі мен физика орталығының ғылыми әлеуетін арттыру арқылы университеттің ғылыми-зерттеу жұмысына елеулі үлес қосып келеді (мысалы, Сағымбекова Э.С. – НИРС III дәрежелі диплом иегері).