Құжаттар тізімі

  1. ұйым басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
  2. жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа, көшірмесі, және PDF форматындағы электрондық нұсқа);
  3. жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа, көшірмесі, және PDF форматындағы электрондық нұсқа);
  4. өлшемі 3 x 4 сантиметр сандық фото;
  5. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны медициналық анықтама;
  6. ҰБТ электрондық сертификаты;
  7. ведомостан үзінді көшірме (шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін);
  8. білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік;
  9. егу паспортының (063-нысандағы медициналық анықтаманың) көшірмесі және PDF форматындағы электрондық нұсқасы;
  10. тіркеу куәлігінің көшірмесі және PDF форматындағы электрондық нұсқасы (тек ұлдар үшін).
Соңғы өзгерістер күні:
28.07.2022