Minor «Инженерлік-физика есептерін шешуге арналған қолданбалы пакеттер»

  Мәтінді оқу  

Бұл майнор бірінші кезекте техникалық мамандықтардың студенттеріне арналған. Егер сіз Mathcad, Matlab қолданбалы бағдарламалық пакеттерінің көмегімен өндірістік және технологиялық процестерді компьютерлік модельдеу негіздерін білгіңіз келсе және оларды болашақ кәсіби қызметіңізде қолданғыңыз келсе, оны зерттеу қажет.

 

Мақсаты:  Студенттер қолданбалы математиканың әртүрлі салаларында есептеулер мен зерттеулер жүргізуге қажетті Mathcad, Matlab компьютерлік математика жүйелерімен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын меңгереді.

Маманның құзыреттілік картасы Негізгі құрылатын құзіреттер Оқыту нәтижелері
Әртүрлі өндірістік және технологиялық процестерді моделдеу бойынша міндеттерді шешу үшін ғылымды қажетсінетін математикалық аппарат пен қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдану Қарастырылатын есепті шешу алгоритмін әзірлеу және оны дискреттеу әдістерін таңдау, үрдістің математикалық моделін сауатты құру дағдыларын меңгеру.

 

Minor Курстары:

 

  • Еңбек сыйымдылығы:  15 кредит
  • Пререквизиттері:  жоқ
  • Тыңдаушылардың ең аз саны:  15
  • Тыңдаушылардың ең көп саны:  60