Курс туралы

Бұл курс осындай жүйелерді жобалау және басқару жүйесін құру үшін техниканың әр түрлі аймақтарынан компоненттерден тұратын инженерлік жүйелерді модельдеуге арналған. Курста модельдерді құру әдістері, күй кеңістігінің теңдеулерін алу, түрлі облыстардан энергия шоғырландыру және диссипациялау моделіне кіріспе, сызықты емес механика, түрлендіру теориясы сипатталады.

Оқытушылар

Бакланова Ольга Евгеньевна, ф.-м.ғ. к., профессор - "Физикалық процестерді математикалық және компьютерлік моделдеу" пәні бойынша дәріс және зертханалық сабақтар жүргізеді - бакалавриат, "математикалық моделдеудің заманауи әдістері" - магистратура.

Ғылыми зерттеу бағыты: сигналдар мен бейнелерді сандық өңдеу, бейнелерді қысу алгоритмдері, компьютерлік көру алгоритмдерін және әдістерін өңдеу, автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді жобалау.

Тезекпаева Шынар Толегеновна, аға оқытушы, магистр - "Физикалық процестерді математикалық және компьютерлік моделдеу" пәні бойынша дәріс және зертханалық сабақтар жүргізеді, бакалавриат.

Ғылыми зерттеу бағыты: халық денсаулығына экономикалық залалды бағалаудың эконометриялық моделінің теориясын дамыту.

Тураров Аманкельды Кабдыгалиевич, аға оқытушы, магистр - "Физикалық процестерді математикалық және компьютерлік моделдеу" пәні бойынша дәріс және зертханалық сабақтар жүргізеді, бакалавриат.

Ғылыми зерттеу бағыты: газлифті скважинадағы газ сұйықтықты қоспаның қозғалыс есептерін шешудің сандық әдістері мен теориясын дамыту болып табылады.