Minor "Кәсіби коммуникация тілі"

  Мәтінді оқу  

Бүгін біз жаңа кәсіптердің пайда болуына және олардың тілдерінің қалыптасуына куә болдық. Кәсіпорындарда ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси лексикамен, терминологиямен әр түрлі мамандықтар сөздігі байытылады

Мамандық тілін білу - арнайы терминологияны, синтаксистік құрылымдарды құру ерекшеліктерін білу, яғни қалыптасқан тілдік құзыреттілікке ие болу, бұл білімді дұрыс және орынды пайдалану.

Мамандық тілін білу еңбек тиімділігін арттырады, күрделі өндірістік жағдайда, өзінің және ұқсас мамандығының өкілдерімен байланыста болуға көмектеседі.

Маманның кәсіби шеберлігі, сондай-ақ негізгі арнайы білімді, кәсіби сөйлеу нормаларын сақтай отырып ұжымда қарым-қатынас жасай алуды көздейді, себебі мамандарға сөйлеу ережелер жиынтығы ретінде емес, жеке тұлғаны өзін-өзі қалыптастыру және өзін-өзі жүзеге асыру құралы ретінде қажет.

Minor шеңберіндегі курстардың мақсаты – аталған құзыреттерді қалыптастыру.

 

Мақсаты: Кәсіби салада қолдануға қажетті, студенттердің коммунткативтік – тілдік құзіреттілігін қалыптастыру және дамыту.

Маманның құзыреттілік картасы Қалыптасатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
Іскерлік қарым- қатынас саласында, өндірісте, ғылымда  қазақ (орыс) тілінде коммуникативтік іс-әрекетін жүзеге асыру қабілеті. өндірісте,  бизнес саласында  іс жүргізу кезінде қалыптасқан құзіреттілігін қолдану (келіссөздер жүргізу, іскерлік және ғылыми сипаттағы мәтіндер құрастыру)
мәтінге аналитикалық-синтаксистік талдау жасау, жоспар, конспект, тезис, аннотация құрастыра білу

 

 

Minor курсы:

 

  • Еңбексыйымдылығы:  15 кредит
  • Пререквизиттер:  жоқ
  • Тыңдаушылардың ең аз саны:  15
  • Тыңдаушылардың ең көп саны:  500