ШҚ лингвистикалық орталығынын өкілдері- Назерке Байзалдина, Ләззат Қайдарова және Жанар Сәлімжанова ШҚМТУ-да латын графикасы бойынша түсіндірмелі сабақ өткізді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының басым бағыттарының бірі — қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Әліпбидің алғашқы нұсқасына қоғам арасындағы талқылаудан кейін өзгерістер енгізіліп, 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығымен жаңа редакциядағы әліпби нұсқасы бекітілді.
Облыста бұл үрдіс кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Біріншеден, студенттерге қазақ жазуының тарихы туралы айтып берді. Латын әліпбиін пайдалану Түркия, Әзірбaйжан, Өзбeкстан, Түркімeнстан сияқты мемлекеттердің тәжірибесінен сәтті өткен. Дүниежүзілік ақпаратта латын әліпбиінің oрны үлкeн.
Сонымен қатар жаңа қазақ әліпбиін ерекшеліктері, жаңа әліпбидегі жоқ әріптері, дыбыстардың транскрипциясы туралы мәлімдеді. Содан кейін ойын-сауық түрінде жаттығулар ұсынылды.
Балалар жаңа әліпбиімен ұлы Абайдың өлеңдерін оқып айтты. Олар «Көзімнің қарасы» латын графикасына аударылған караоке әнін шырқады. Барлық қатысушылар белсенді қатыса отырып, әліпбидің нұсқасын қолдады.
Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығынын қызметкерлері Qazlatyn.kz - латын әліпби конвертерін ұсынды. Бұл сайтта латын графикасына ең сенімді аударма деп саналады.
Латынға көшудің негізгі мақсаты – жоғалтқанымызды түгендеу. Алдағы дамуға сара жол салу.
Бренд-кеңсе