Бүгін қазақ тіліне аударылған жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті.   Олар " Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық". Іс-шараны "Рухани жаңғыру"кафедрасы ұйымдастырды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты ауқымды бағдарламаны ұсынды. Бағдарлама тармақтарының бірі " Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша.

Іс-шараның басты мақсаты-білім беру үдерісінде жаңа оқулықтарды сапалы әрі кешенді пайдалануды жолға қойып, студенттерді кітапхана ресурстарымен таныстыру.

Бүгін 11 кітаптың тұсаукесері болды.  Ғылыми кітапхананың жетекшісі Гаухар Акимжанова, бизнес және кәсіпкерлік мектебінің доценті Гүлнар Ислям, Ақмарал Қазыкешова"Рухани жаңғыру" кафедрасының меңгерушісі, бизнес және кәсіпкерлік мектебінің аға оқытушылары Әсем Бухатова, Маржан Сырымбек студенттерге жаңа кітаптардың маңыздығы туралы түсіндіріп айтты.  Бұл кітаптармен Оксфорд, Гарвард, Принстон сияқты әлемнің үздік жоғары оқу орындарының студенттері оқиды. Оқулықтар аналитикалық ойлау, прагматизм сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі және ой-өрісін кеңейтеді.

ШҚМТУ кітапханасында "қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" бағдарламасынан 49 кітап және 4000 данадан астам бар. 1 қыркүйекке дейін кітаптар беруге дайын болды және оқытушылар оларды оқу үрдісіне белсенді түрде қосады. Алдағы 2 жылда қалған 51 оқулық кітапханаға түседі.

Ғылыми кітапхананың жетекшісі Гауһар Әкімжанованың айтуынша, білім алушылардың экономика бойынша кітаптар үлкен қызығушылық тудырады.

Мысалы, Клаус Швабтың "Төртінші индустриалды революция" атты өте қызықты кітабы аударылған. Мазмұнда біздің өмірімізді, еңбегімізді және біздің қарым-қатынасымызды түбегейлі өзгертетін революцияның бастауында тұрамыз деп айтылған. Ауқымы, көлемі мен күрделілігі бойынша-бұл Төртінші өнеркәсіптік революция деп санайтын құбылыс, адамзаттың барлық алдыңғы тәжірибесінде теңдесі жоқ.

Ресми бөлімнен кейін студенттер мен магистранттар әдебиетпен жақынырақ таныса алды.

«Рухани жаңғыру» кафедрасы