Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғылыми-зерттеулер тұрғысынан да, технологиялық мүмкіндіктерін арттыру аясында да жүйелі жетіліп келеді. Бір тараптан, мұның ішіне үш министрлікке (Ғылым және жоғары білім, Ауыл шаруашылығы, және Экология, геология және пайдалы қазбалар министрліктері) арналған жобалық мақсатты қаржыландыру, 17 жұмыс істеп тұрған гранттық зерттеулер және университеттің жалпы бюджетіндегі ауқымды ғылыми жобалар үлесі кіреді. Екінші тараптан - өнеркәсіп, жоғары оқу орындары және Ғылыми зерттеу институттарымен нәтижелі серіктестік.

Университеттің келесі даму кезеңі - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен өнімді инновацияларды ынталандыру жөніндегі Дүниежүзілік Банктің жобасы бойынша "SMART ENGINEERING" салалық құзыреттер орталығын құру.

Құзыреттер орталығы жетекші отандық тұқым өндіруші - "Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы", "Қостанай агромеханикалық зауыты" компанияларымен консорциумның арқасында, сондай-ақ ШҚО жетекші өнеркәсіптік компанияларымен ынтымақтастықта дамитын болады.

«SMART ENGINEERING» Құзіреттілік орталығы аясында Тау-кен кешені, машина жасау және т.б. салаларға цифрлық технологиялар жасап, енгізу жоспарлануда. «Машзавод» ЖШС және «Казцинк» ЖШС, «УЗПА» АҚ және басқа да компаниялармен салалық жүйелі міндеттерді орындауға бағытталған ұзақ мерзімді жобаларды іске асыру бойынша келісімдерге қол жетті.

Ғылым және бизнес кооперациясы - елді өркендетіп, ғылыми және технологиялық әлеуетті дамытудың ең сенімді және дұрыс іргетасы. Ал, құзыреттер орталығы ел экономикасына бағытталған ғылыми зерттеулерді және жасалған әзірлемелерді өндіріске енгізуге мүмкіндік береді.

Консорциум аясындағы серіктестестік, Университет пен Бизнестегі бірлескен қызметтің артықшылығын көрсетеді. Технология барлық тараптарға өз жемісін беріп, сәтті коммерциялануы мүмкін.