Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде ЖОО ғалымдарының, ШҚО ТЖД басшылығының және «Қазселденқорғау» мамандарының іскерлік кездесуі өтті. Ғалымдар өңірде алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін көшкін қаупі мониторингінің дербес автоматтандырылған жүйесін әзірлеу жөніндегі жобасымен таныстырды.
Жұмыс 2021 жылы ШҚО ТЖД бастамасымен ШҚО мен Департамент арасындағы ынтымақтастық туралы бірлескен меморандум және «Сел, сырғыма және көшкін қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар» жол картасы шеңберінде басталды.
Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалары бойынша қаржыландырылды.
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ профессоры Наталья Денисова: «жобаның мақсаты көшкін қауіптілігінің мониторингтік жүйелерін әзірлеу және оларды орналастырудың ғылыми негіздемесі үшін Шығыс Қазақстан облысының көшкін алаптарының аумақтық таралуы мен көшкін белсенділігін зерттеу»,-деді.
Қазіргі уақытта облыс аудандары бойынша қар көшкіні қаупі бар учаскелерге сипаттама жүргізілді, олар үшін қар өлшеуіш маршруттар әзірленді: Өскемен учаскесі, Алтай учаскесі, Катонқарағай учаскесі, Риддер учаскесі. Көшкін қаупі бар учаскелерді картаға түсіру заманауи әдістерді таңдау және ГАЖ технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылды. Қар көшкінінің қауіптілік дәрежесі бойынша қар көшкінін жинауды жүйелеу жүргізілді, өңірдің топырақтары туралы жалпы мәліметтер жиналды.
Кездесу барысында ағымдағы жылдың қысқы кезеңіне жоспарланған Глубокое ауданында мониторинг жүйесін орнатылуы талқыланды.
ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов ғалымдармен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті, бұл облыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік береді.