Д.Серікбаева атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында "Жұмыс берушілерді білім беру бағдарламаларын әзірлеуге тарту: ынтымақтастық стратегиялары мен модельдері" атты екікүндік Халықаралық семинар өтті. 

Семинар спикерлері қатарында сапа және біліктілікті қамтамасыз ету жөніндегі директор (Qqi) Брайан Магуайр, ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев, Халықаралық бизнес университетінің ректоры Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы,  "Казцинк" ЖШС әкімшілік жұмыстар жөніндегі Атқарушы директоры» Лазарев Андрей Павлович болды. 

Іс-шараның алғашқы күнінде онлайн форматта қосылған шетелдік сарапшы Брайан Магуайр кәсіпорындар мен жоғары оқу орындар арасындағы ұзақ мерзімді қатынастарды дамытудың еуропалық тәсілдері жайында мол ақпарат берді. Айтуынша, еуропалық жоғарғы білім беру жүйесінде төрт, бес сперальды модельдер қолданылады. Университет, билік және кәсіпорындардың бірлесе атқарған жұмысы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. 

Бүгін қатысушылар тәжірибелік жұмыстарға қатысты. Семинар тыңдаушылары үш топқа бөлініп университеттердің кәсіпорындармен өзара әрекеттесу моделін аккадемиялық, зерттеушілік және  ұымдастырушылық  сұрақтарды негізге ала отырып,  ұсыныстарын жасады.   

«Д.Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің тәжірибесі мол. Осы екі күн ішінде бұған көз жеткіздік. ШҚТУ аймақтың ірі кәсіпорындарымен, Ресей университеттерімен ынтымақтастығы жоғары деңгейде. Екі ЖОО мен кәсіпорын бірлесіп, білім беру бағдарламасын жасады. Бүгінде сол бағдарлама аясында жастар білім алуда»,- деді Қазақстандағы Эразмус + ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада Тасболатова.

Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. 

Еске сала кетейік, "Жұмыс берушілерді білім беру бағдарламаларын әзірлеуге тарту: ынтымақтастық стратегиялары мен модельдері" атты екі күндік Халықаралық семинарды ЭРАЗМУС + бағдарламасының Қазақстандағы ұлттық кеңсесі және  білім және ғылым министрлігі бірлесе ұйымдастырды.