Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ негізінде өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындардың қатысуымен ZOOM платформасында онлайн форматта RTDS және PSCAD симуляторларын қолдану тәжірибесіне арналған дөңгелек үстелі өтті.
Іс-шараға ШҚО –ның 40 – қа жуық энергетик мамандары, ШҚТУ оқытушылары, магистранттар мен докторанттар қатысты. Өңірдің өнеркәсіп және энергетика спектрі ретінде "АЭС Өскемен ГЭС" ЖШС, KEGOC АҚ "Шығыс жүйеаралық электр тораптары филиалы, "БЭСК" АҚ (бұрын "ШҚ АЭК" АҚ), "Согра ЖЭО" ЖШС, "Өскемен жылу жүйелері" АҚ, "Өскемен конденсатор зауыты" ЖШС, "ҮМЗ" АҚ, "Казцинк" ЖШС компаниялары қатысты. Кездесудегі басты тақырып кәсіпорындардың, энергия жүйелерінде RTDS және PSCAD симуляторларының мүмкіндіктерін пайдаланудың қолданбалы мәселелері болды.
Модератор ретінде кәсіпорындармен ғылыми-өндірістік ынтымақтастық және ТКЖ енгізу жөніндегі орталықтың басшысы Олег Гавриленко сөз сөйледі. Негізгі спикерлер:
- Михаил Шамис, "ЭнЛАБ" ЖАҚ бас директоры, РФ Чебоксары қ., "RTDS және PSCAD энергожүйелер мен энергообъектілер симуляторларының артықшылықтары" баяндамасымен;
- Янез Законьшек, "ЭнЛАБ" ЖАҚ техникалық директоры, Словения Республикасы, "Энергетикалық және өнеркәсіптік компаниялардың RTDS және PSCAD симуляторларын қолдану тәжірибесі" баяндамасымен;
- Александр Волошин, "МЭИ" ҒЗУ энергия жүйелерін релелік қорғау және автоматтандыру кафедрасының меңгерушісі (Мәскеу қ., РФ) PSCAD және RTDS симуляторларын қолдану, ұлттық технологиялық бастамасы орталығының базасында ғылыми-зерттеу және қолданбалы жұмыстарды орындау тәжірибесінде МЭИ "Таратылған зияткерлік энергия жүйелерінің электр энергиясын тасымалдау технологиялары" тақырыбында баяндама жасады.
Талқылау барысында энергетика бағыты бойынша ШҚТУ ғылыми-техникалық базасын жаңғырту, оның ішінде зияткерлік энергетиканың цифрлық платформасын дамыту, энергияны зерттеу, жаңартылатын көздер мәселелері қаралды.
Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, Олег Гавриленко RTDS және PSCAD симуляторларын пайдалану бойынша баяндамалар ШҚТУ үшін де, сондай-ақ кадрлар даярлау және бірлескен қолданбалы зерттеулер бағыттарындағы кәсіпорындар мен энергия компанияларының одан әрі өзара дамуы үшін де қызығушылық тудыратынын атап өтті. Кездесу соңында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ және дөңгелек үстелге қатысушы барлық кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты қолдау туралы шешім қабылданды.
2021 жылғы 5 және 6 сәуірде ғылым апталығы аясында өткізілген дөңгелек үстелдердің сөзсіз жетістіктерінің бірі ретінде Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен "МЭИ" ұлттық зерттеу университеті арасындағы ШҚО өнеркәсіптік кәсіпорындары мен энергия компанияларының міндеттерін және нәтижелі ынтымақтастықты атап өтуге болады.