Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да Германиядағы Deutsch-Kasachische Universität (DKU), TU Bergakademie Freiberg (TUBAF), Ruhr-Universität Bochum (RUB) и Technische Universität Hamburg (TUHH) өкілдерімен "Тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары мен басымдықтары" тақырыбында воркшоп өтті.

Онлайн-конференция екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңызын ғана емес, Шығыс Қазақстан техникалық университетінің елдегі ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді дамытуға ұмтылысын да айқындайды.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғалымдары Германиядағы әріптестерімен Шығыс Қазақстан облысында сирек кездесетін жер элементтерінің минералдық-шикізат базасын құру перспективаларын; тау-кен-геология саласындағы Жерді қашықтықтан зондтау және ГИС-технологияларының нюанстарын; ұнтақты металлургияда сутегі технологияларын қолдануды; металл қалдықтарын қайта өңдеу және металл бұйымдарын өңдеудің инновациялық технологияларын әзірлеу жолдарын талқылап, ШҚТУ мысалында жоғары оқу орындарының елдің тұрақты дамуында атқаратын рөлін анықтады.

Неміс ғалымдарының баяндамалары: Бохумдағы Рур университетінің профессоры, доктор, құрылымдық геология тобының жетекшісі Кристоф Паскаль «Құрылымдық геология және тау-кен барлау туралы», TU Bergakademie Freiberg мысалында референт-проректор Forschung Jens Grigoleit ғылыми зерттеулердің әртүрлі тақырыптары мен нюанстары туралы; Циркулярлы ресурстық инженерия және менеджмент институтының жетекшісі, профессор, доктор Керстин Кутча циркулярлық экономиканы зерттеу жолдары туралы баяндады.

"Қазақстандық және неміс ғалымдар өз тәжірибелерімен, білімдерімен, құнды идеяларымен бөлісіп, инновациялық шешімдер ұсынды. Біздің Қазақстан-Германия Ғылым және технологиялар институты аясындағы бірлескен жұмысымыз ғылымның дамуына ықпал етеді. Ғалымдарымыз шетелдік әріптестермен пікір алмасып, жаңа шешімдер мен мүмкіндіктерді бірлесіп тауып, халықаралық жобаларды іске асыратын болады", - деп атап өтті ШҚТУ Басқарма Төрағасы-ректор Сәуле Рахметуллина.

Қазақстан-Неміс Ғылым және технологиялар институтының жобасы екі елдің президенттері: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстан-Неміс университеттерінің келісімі шеңберінде іске асырылуда. Институт ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған әртүрлі салалардағы тәжірибе мен озық идеялар кездесетін орын болады. Ауқымды халықаралық жоба, оның мәселелері мен нюанстары, ынтымақтастық перспективалары ғалымдармен әңгімеленді.

Қорытындылай келе, Қазақстан-Германия университетінің президенті профессор, доктор Влад Роммель КНУ желілік стратегиясымен, даму мақсаты, бағыттары, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың түрлі жағдайларымен бөлісті.

Енді ғалымдар ортақ тақырыптар бойынша тыңғылықты жұмыс істеп, әлеуетті зерттеулерде, тәжірибе алмасуда, бірлескен мақалаларда және әлемдік деңгейдегі инновациялар мен жаһандық перспективаларды ілгерілету үшін ынтымақтастықта болады.