Сізді Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалуыңызбен Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ұжымы атынан және жеке өз атымнан құттықтаймын!
Сіздің еліміздің түрлі салаларындағы мол тәжірибеңіз, мемлекеттік қызметтегі кәсіби біліктілігіңіз және жауапкершілікке негізделген іскерлік қабілетіңіз аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатынына сеніміміз мол. Бұған дейін Өскемен қаласының әкімі ретінде атқарған істеріңіз, мәдениет пен ішкі саясат салаларындағы сүбелі еңбегіңіз – Сіздің басқарушылық біліміңіз бен тәжірибеңіздің айқын дәлелі.
Біздің университет пен жергілікті билік арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолында бірлескен жобалар мен бастамалардың сәтті жүзеге асатынына зор сенім білдіреміз.
Сізге алдағы қызметіңізде сәттілік, жауапты міндеттеріңізде табыс, мықты денсаулық, ел игілігі жолындағы еңбегіңізге толағай жетістіктер тілеймін!
Ізгі ниетпен,
Құрметпен, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы және ректор С. Рахметуллина.