19 ақпанда басқарма төрағасы - ШҚТУ ректоры Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызының төрағалығымен Басқарма отырысы өтті. Күн тәртібінде бизнес мектептерінің; сәулет, құрылыс және энергетика; Жер туралы ғылымдар стратегиялары тыңдалып, университет бағдарламаларын онлайн лицензиялау туралы мәселе көтерілді.

Бизнес Мектебінің деканы Закимова Альфия Манарбековна жоғары технологиялық болашақ үшін кәсіпкерлік дағдылары бар мамандарды даярлау туралы айтып берді. Деканның айтуынша, Бизнес мектептің стратегиясы академиялық артықшылыққа, ішкі және сыртқы ұтқырлықты қамтамасыз етуге, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы түлектерді жұмысқа орналастырудың жоғары үлесіне, сондай-ақ Аlumni club-та университет түлектерін тартумен белсенді жұмыс істеуге негізделген.

Сондай-ақ, бағдарламаның бір бөлігі ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің білімі, кәсіби құзыреттілігі мен тиімділігін арттыруға, ғалымдардың ғылыми әлеуеті мен зерттеу өнімділігін арттыруға, ғылыми-зерттеу қызметінің коммерцияланатын жобаларының санын арттыруға және халықаралық жобалар мен бағдарламалардың үлесін арттыруға бағытталған.

Сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің стратегиялық дамуы туралы декан Айбек Мұратбекұлы Ақаев айтып берді. Мектеп жаңа материалдар, технологиялар мен тәсілдерді әзірлеуге бағытталған және құрылыстың, сәулет пен энергетиканың сапасы мен тиімділігін жақсартуға көмектесетін заманауи технологиялар мен әдістерді пайдалана отырып, зерттеулерге ден қоюды жоспарлап отыр. Ол үшін ШАСиЭ ғылыми мақалалардың дәйексөздігін арттыру арқылы ғылыми-технологиялық саладағы жұмысты ұлғайтуды, халықаралық ынтымақтастық көрсеткішін және ғылыми қызмет пен инновациялық әзірлемелерден түсетін табысты ұлғайтуды жоспарлап отыр. Мектептің басым бағыттары халықаралық көшбасшылыққа қол жеткізу үшін жаңа технологиялық шектерді құруға және дамытуға, жоғары академиялық беделге қол жеткізуге, сондай-ақ ҰДП-ның білім деңгейін, кәсіби құзыреттілігі мен тиімділігін арттыруға қабілетті инженерлерді озық даярлау болып табылады.

Жер туралы ғылымдар мектебінің даму стратегиясы туралы оның деканы Рахымбердина Маржан Есенбекқызы баяндады. Негізгі мақсат тек өңір мен елдің ғана емес, сонымен қатар шетелде де салалар бойынша жұмыс істеу үшін жоғары сапалы мамандар, инженерлер даярлауға негізделеді. Мектеп білім, ғылым және индустрияны біріктіре отырып, ҚР жетекші инженерлік ЖОО-да көшбасшы болуға ұмтылады.

Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Әсия Хасенқызы Машекенова университетті онлайн оқытуға лицензия алуға өтінім берудегі прогресс туралы айтып берді. Бұл бағытта ЖОО-ның көптеген бөлімшелері үлкен бірлескен жұмыс атқаруы тиіс. Ол үшін түрлі бағыттар бойынша жол картасы әзірленді.