Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің қабырғасында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» тақырыбындағы «Серпін» бағдарламасы бойынша түлектерге арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Бағдарлама мақсаты халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл бағдарлама бірінші жылы педагогикалық мамандықтар бойынша іске асқан, кейіннен оның аясы кеңейіп, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарын қамтып отыр.
Жәрмеңкеге Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Техникалық Университетінің басқарма төрағасы-ректор Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы, Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандары әкімдерінің орынбасарлары, Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, "Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы" акционерлік қоғамының, Білім бөлімдері мен Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, "Мансап орталықтарының директорлары мен өкілдері, облысымыздың барлық аудандары мен қалаларындағы жұмыс берушілері қатысты.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасының біздің өңірдегі координаторы - Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының маманы Альбина Болатовна сөз сөйледі.
Мамандардың берген ақпаратына сүйенсек, ағымдағы жылы Мансап орталықтары арқылы 8 мың жұмыссыз жас тұрақты және уақытша жұмыстарға орналастырылды. Бүгінгі таңда жастар тәжірибесіне 540 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 369 адам, «Ұрпақтар келісімшарт» жобасы бойынша 6 адам жіберілді. «Жасыл ел» еңбек жасағында 1 мыңнан аса жас сарбаз маусымдық жұмыспен қамтылған. «Дипломмен ауылға» жобасы арқылы 335 жас маманға 123,7 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді. 2023 жылы жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 243 кәсіпкерге 2,5 пайыздық жеңілдетілген шағын несие берілді (1,215 млн. тенге). Облысымыз бойынша 71 жастың бизнес жобалары қолдау тауып,104,8 млн. тенге көлемінде қайтарымсыз грант иегерлері атанды. «Білікті маман» өңірлік жобасы арқылы 2 мыңнан аса студент әкім гарнтына ие болды.
«Серпін» жобасын жүзеге асырудың облыстық Жол картасы бекітіліп, жүзеге асырылуда.
Мансап орталықтарымен жылына екі рет бос жұмыс орындары жәрмеңкелері өткізіліп жұмыс беруші-компаниялардың қатысуымен студенттермен кездесулер өткізілуде.
Бүгінгі таңда облыста 3 мыңнан астам бос жұмыс орны бар, оның ішінде білім беру саласында – 538, өңдеу өнеркәсібінде – 175, денсаулық сақтауда – 154, энергетикада – 109, құрылыс және сәулет саласында – 107.
Жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларға қажетті еңбек дағдыларын және алғашқы жұмыс орнына бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің келесі шаралары қарастырылған:
«Серпін» жобасының түлектері шыққан өңіріне қарамастан, өңіраралық ерікті қоныс аудару бағдарламасына қатысуда артықшылыққа ие.
«Ерікті өңіраралық қоныс аудару» бағдарламасы:
- Көшу шығыстарын өтеу субсидиялау бір рет отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде немесе 258 мың теңге бір рет беріледі.
- Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу ай сайын, он екі айдан көп емес тұрғын үй алғанға дейін мынадай мөлшерлерде өтеледі (елді мекенге және отбасы мүшелерінің санына байланысты):
1. қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін 20 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін;
2. ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін: 15 АЕК-тен 21 АЕК-ке дейінгі мөлшерде төленеді.
3. Экономикалық мобильділік сертификатын:
- бастапқы жарна ретінде тұрғын үй сатып алу, құрылыс, ипотекалық қарыз кезінде тұрғын үй құнының 50% -ы мөлшерінде, бірақ 1160 АЕК-тен немесе 4,2 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде ала аласыздар. Экономикалық мобильділік сертификаты отбасына беріледі. Сіздер туған жерлеріңіздегі туыстарыңызды алып, отбасы мүшелеріңіз жұмыссыз болса, толық отбасыңызбен келсеңіздер, экономикалық мобильділік сертификатын алуға мүмкіндік бар.
4. Қоныс аударушы ретінде жаңа кәсіп ашу мақсатында мемлекеттік өтеусіз грантқа қатыса алады (өтеусіз грант 400 АЕК немесе 1 476 800 теңге мөлшерінде).
«Түлектерге алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға жәрдемдесу үшін еңбек мобильділігі орталығы (мансап орталықтары) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шарасын - 12 айға дейінгі мерзімге жастар іс-тәжірибесін ұйымдастырады.
Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда жастар тәжірибесіне жұмыс орындары ашылады. Бұл ретте жұмыс орындары түлектің білім беру ұйымында алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес келуі керек» – деп түйіндеді Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Аскерхановна.
Бұл жәрмеңке жас мамандарға жаңа мүмкіндік беріп, оларды еңбек нарығына сәтті бейімдеудің маңызды қадамы болып табылады. Шара соңында қатысушылар кітапханада ұйымдастырылған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне қатысып, өздерін қызықтарын сұрақтарға жауап алды.