Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерге арналған Erasmus+ халықаралық бағдарламасына өтінім беру бойынша төрт күндік практикум жалғасуда. Үшінші күн Key Action 1 (KA1) – «Оқыту мақсатындағы мобильділік» және жоба ұсыныстарын әзірлеу тақырыбына арналды. Тренингтің негізгі мақсаты – мобильділік пен сапалы өтінім дайындау.
Үшінші күннің спикері ретінде Халықаралық Ала-Тоо университетінің өкілі сөз сөйледі. Ол KA1 бағытының негізгі мақсаттары, міндеттері және қызмет түрлері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қарастырылған тақырыптар:
- KA1 жобаларының мақсаттары мен артықшылықтары – мобильділік бағдарламаларының халықаралық академиялық алмасуға және жоғары оқу орындары арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал етуі;
- Қатысу критерийлері – бағдарламаға қатысушы жоғары оқу орындары мен қатысушыларға қойылатын талаптар;
- Өтінім беру тәртібі – құжаттарды дайындау үдерісін жеңілдететін кезең-кезеңмен нұсқаулық;
- KA1 жобаларын жүзеге асырудың үздік тәжірибелері – басқа университеттердің мобильділік жобаларын іске асырудағы табысты мысалдары.
Сессияның екінші бөлімінде қатысушылар жоба ұсыныстарын әзірлеуге терең бойлады. Жұмыс келесі кезеңдерді қамтыды:
- Табысқа жетудің негізгі элементтерін талдау – өтінімді бәсекеге қабілетті ететін факторлар;
- Erasmus+ халықаралық комиссиясы қолданатын бағалау критерийлерін түсінуді үйрету;
- Практикалық тапсырмалар – қатысушылар жоба ұсыныстарының жеке бөлімдерін жазып, мақсаттарды, міндеттерді және күтілетін нәтижелерді тұжырымдауға қойылатын талаптарды тәжірибеде зерттеді;
- Міндеттерді бөлу (WP distribution) – жоба серіктестері арасында жауапкершілікті тиімді бөлу жолдары;
- Логикалық құрылымды қалыптастыру (Logical Framework, LF) – мақсаттар, іс-шаралар және күтілетін нәтижелер арасындағы байланысты дұрыс құру әдістері.
Erasmus+ жобаларына өтінім беру бойынша практикум халықаралық білім беру бастамаларына қызығушылық танытқан ШҚТУ қызметкерлері үшін маңызды кезеңге айналды. Алынған білім мен дағдылар жобаларды табысты әзірлеуге және өтінімдерді беруге көмектеседі. Бұл өз кезегінде ШҚТУ-дың халықаралық білім беру алаңындағы орнын нығайтып, шетелдік серіктестермен академиялық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.