BR21881921 Индустриялық даму және жаһандық процестер жағдайында Ертіс өзені бассейнінің су экожүйесін бағалау

  Мәтінді оқу  

Конкурс атауы: іске асыру мерзімі 12 ай, 2023-2025  жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы.

Жоба жетекшісінің: Колпакова Валентина Павловна, 05.23.04 - «Сумен қамту, канализация, құрылыс жүйелері су ресурстарын қорғау» мамандығы бойынша т.ғ.д., ҚР ЖАК доценті, «Сәулет, құрылыс және энергетика мектебінің» профессоры, КЕАҚ Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ «Суды басқару және суды пайдалану саласындағы технологиялар құзыреті және трансфері орталығының» жетекшісі.

Идентификаторлар:

Жобаның зерттеу тобы

Т. А. Ә. Жоба бойынша лауазымы ResearcherID, ORCID, Scopus Author ID идентификаторы (болғандағы)
1 Ахметов Канат Камбарович Бас ғылыми қызметкер Scopus Author ID: 56518063400
Researcher ID: ABA-3268-2020
ORCID: 0000-0002-1558-9570
2 Шаймарданов Жасулан Кудайбергенович Бас ғылыми қызметкер Scopus Author  ID: 57192662009
Researcher ID: AAM-3113-2021
ORCID ID: 0000-0003-0035-707X
3 Шаймарданова Ботагоз Хасымовна Жетекші ғылыми қызметкер ORCID ID:0000-0002-6872-0341
4 Еремеева Юлия Николаевна Жетекші ғылыми қызметкер Scopus Author ID: 57490993100
Researcher ID: GSN-0498-2022
ORCID: 0000-0001-6494-1457
(https://orcid.org/0000-0001-6494-1457 )
5 Тогузова Маржан Мельсовна Жетекші ғылыми қызметкер Scopus Author ID: 57189071733
Researcher ID: AAF-2137-2021
ORCID: 0000-0001-7395-6060
(https://orcid.org/0000-0001-7395-6060)
6 Апшикур Байтак Жетекші ғылыми қызметкер Scopus Author ID: 57914966100
Researcher ID Web of Science: GWQ-9179-2022 https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57914966100
ORCID:  https://orcid.org/0000-0003-2103-9513
7 Рахымбердина Маржан Есенбековна Жетекші ғылыми қызметкер Scopus Author ID: 57189062804
Researcher ID Web of Science: AAE-7814-2021
ORCID ID:0000-0002-2196-6512
8 Нурекенова Роза Турсынхановна Ғылыми қызметкер Researcher ID: GSN -6361-2022
https://orcid.org/0000-0002-9104-8936     
ORCID ID:0000-0002-9104-8936
9 Хавкей Хавдрахман Техник -
10 Ажаев Галымбек Советович Жетекші ғылыми қызметкер Researcher ID: AGN-2888-2022  
ORCID ID: 0000-0002-5888-8239
https://orcid.org/0000-0002-5888-8239
11 Уазырханова Гулжаз Кенесханкызы Аға ғылыми қызметкер Scopus Author ID: 55540168500,
ResearcherID Web of Science: ABF-8853-2021. ORCID ID: https://orcid.org/0000-0002-9817-9752.
12 Дюсупова Галина Кабылжановна бухгалтер -

 

Жас ғалымдар (40 жасқа дейін + оқытушылар (студенттер, магистранттар))
ТАӘ Жоба бойынша лауазымы ResearcherID, ORCID, Scopus Author ID идентификаторы (болғандағы) Ескерту (ПОҚ, студент, магистрант, докторант)

Жас ғалымдар (40 жасқа дейін + оқытушылар (студенттер, магистранттар))

1 Капасов Азамат Кайсарович, 1994 г.р. Ғылыми қызметкер Scopus Author ID: 57914966200
Researcher ID:KCX-7400-2024
ORCID ID: 0000-0001-7996-8804
ПОҚ
2 Мамырбекова Гульназ Кабиболлакызы, 1977 г.р. Ғылыми қызметкер Researcher ID: GSN-0695-2022
ORCID ID: 0000-0002-1658-0180 https://orcid.org/0000-0002-1658-0180
докторант
3 Анапьянова Самал Багдатовна, 1979 г.р. Ғылыми қызметкер Researcher ID: GSN-4578-2022
ORCID ID: 0000-0003-3079-2224
https://orcid.org/0000-0003-3079-2224   
докторант
4 Арынова Шынар Жаныбековна, 1989 г.р.

Жетекші ғылыми қызметкер

Author ID в Scopus: 57829931200
Researcher ID Web of Science: GPT-3594-2022
ORCID ID: 0000-0002-9895-7649
http://orcid.org/0000-0002-9895-7649
ПОҚ
5 Колесников Антон Владимирович, 1990 г.р. Кіші ғылыми қызметкер  - -
6 Құсманов Ернар Мейрханұлы, 1988г.р. инженер - -

 

Жобаның аңдатпасы:

Климаттың өзгеруінен болатын жаһандық процестер, Ертіс өзенінің жоғары ағысында ағынның бір бөлігінің алынуы және идустрияның артуы трансшекаралық Ертіс өзенінің экологиялық жағдайының нашарлануына әкеледі. Ертіс өзені Республиканың ірі су артериясы бола отырып, Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстары аумағымен аға отырып, күшті антропогендік әсерге ұшырайды, соның нәтижесінде сулы экожүйе зардап шегеді.   

Қазіргі уақытта су объектісінің экологиялық күйін маниторингтік бақылау облыстар шеңберінде әр қала үшін жеке жүргізіледі.  Бүкіл өзен аймағында әр ластаушы көзінің мәні сай бағаланатындай әртүрлі факторлардың әсері туралы байланысқан мәліметтер базасы жоқ.  Ертіс өзенінің экожүйесінің, табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен су режимінің өзгеруіне әкелетін судың мөлшерімен мен сапасында болып жатқан және болашақта мүмкін болатын өзгерістердің ғылыми негізделген бағалаулары қажет.

ГАЖ технологияларын пайдалану барлық қажетті ақпаратты, соның ішінде: Жерді қашықтықтан зондтау (ғарыштық фотосуреттер мен ҰҰА материалдары), бұлттық есептеулер және жасанды интеллект біріктірілген геопорталды дамытуға мүмкіндік береді.

Ертіс бассейнінің қазақстандық бөлігінің гидрологиялық режимі мен су сапасын, климаттың өзгеруінің, трансшекаралық пайдаланудың және антропогендік әсердің жаһандық процестері контекстіндегі су биотасының жай-күйін далалық өлшеулерден алынған нақты деректер мен әртүрлі көздерден деректер базасын құру, жердегі және су экожүйелерінің жағдайына әртүрлі факторлардың әсері туралы көрініс береді. Ертіс өзенінің қазіргі жағдайын кешенді зерттеу оның акваториясымен байланысты экожүйелердің өмір сүру жағдайларын, өнеркәсіптік әсерге бейімделу механизмдерін және олардың шекті деңгейлерін бағалауға мүмкіндік береді.   

Бұл барлық мүдделі ұйымдарға тұрақты өңірлік даму мақсатында деректерді жылдам қабылдауға және пайдалануға мүмкіндік береді.

Мақсаты:

Индустриялық даму және жаһандық процестер жағдайында Ертіс өзені бассейнінің су экожүйесін бағалау.

Жобаның күтілетін нәтижелері және алынған нәтижелері:

 

Жыл Зерттеу бойынша алынған нәтижелері.
Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат
2023 жыл

2023 жылғы бағдарлама бойынша жұмыстың бірінші сатысында, күнтізбелік жоспарға сәйкес үш міндет орындалған:

  • антропогендік және трансшекаралық әсерлерді ескере отырып, Ертіс өзен бассейнінің су объектілеріндегі судың экологиялық жағдайын бағалау;
  • Ертіс бассейнінің су объектілеріне далалық зерттеулер жүргізу арқылы антропогендік ластану көздерін анықтау. Бақылау жармаларында ластаушы заттардың басымдылығының (Ертіс өзеніне әсер ету тұрғысынан аса қауіпті және стандартты мәндерден асатын маркерлі) ғылыми негізделген тізбесін, сондай-ақ ақпараттық-аналитикалық  платформаға қосу үшін жер үсті және су экожүйелерінің жай-күйін анықтау;
  • табиғи, антропогендік және трансшекаралық факторларды анықтай отырып, су сапасының жай-күйінің салыстырмалы сипаттамасы.

2023 жылға арналған осы бағдарламаны іске асыру аясында келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

  • судың әртүрлі болуы жағдайында алынған судың мөлшері, жер үсті және су экожүйелерінің жай-күйі туралы статистикалық мәліметтерді жинау, жіктеу, талдау жүргізілді және өзен бассейніндегі су объектілеріндегі судың экологиялық жағдайына Ертіс өзенінің антропогендік және трансшекаралық әсерлері ескере отырылып, баға берілді;
  • -Ертіс бассейнінің су объектілеріне далалық зерттеулер жүргізілді, антропогендік ластану көздері анықталды, бақылау жармаларында  басым ластаушы заттардың тізбесі, сондай-ақ жер үсті және су экожүйелерінің жағдайы анықталды;
  • - табиғи, антропогендік және трансшекаралық факторларды анықтай отырып, су сапасының жай-күйінің салыстырмалы сипаттамасы жүргізілді.

Университет сайтында бағдарламаның орындалу барысы туралы веб-бет жасалды /research/progectsmon/projects/BR21881921.aspx

Жоба туралы телеарналардағы ақпараттар:

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің сайтындағы ақпарат:

ҚРҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған журналда бір мақала жарияланды:

  • Колпакова В.П., Анапьянова С.Б., Еремеева Ю.Н., Мамырбекова Г.К., Нурекенова Р.Т., Сапарова А.А. Тұрмыстық төгінді суларды тазарту үшін жұқа қабатты тұндыру процестерін зерттеу. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Хабаршысы, №4, 2023 ж. https://storage.ektu.kz/nextcloud/index.php/s/Wagmjz9ZQxgfoqC
2024 жыл

2024 жыл бағдарламасы бойынша жұмыстың екінші кезеңінде күнтізбелік жоспарға сәйкес бес міндеттер орындалады:

  • кеңістіктік-уақыттық динамикасын ескере отырып, Ертіс өзені ағыны бойындағы ластаушы заттарды сандық бағалау. Әртүрлі сумен қамтамасыз ету жағдайында Ертіс өзенінен суды алу бойынша мәліметтерді жинау және талдау;
  • Ертіс өзенінің гидрохимиялық режимін қалыптастыру кезінде минералды тұздар мен улы заттардың ағынының рұқсат етілген және нақты деңгейлерін есептей отырып, негізгі салалары мен су қоймаларының әсерін бағалау. Спутниктік түсірілімдер мен ұшқышсыз ұшатын аппараттардың аэрофототүсіруіне негізделген қашықтықтан зондтау әдістерін пайдалана отырып, жер үсті және су экожүйелерінің жай-күйіне кешенді зерттеу жүргізу, Ертіс өзені бассейнінің бақылау аймақтарында су сапасына, гидрологиялық көрсеткіштерге талдау жасау;
  • қалалардың, шағын елді мекендердің және өнеркәсіптік кәсіпорындардың техногендік жүктемесінің Ертіс өзені бассейнінің экологиялық жағдайына әсер ету дәрежесін бағалау;
  • су ресурстарының экономика салаларына жарамдылығын ескере отырып, Ертіс бассейнінің су-ресурстық әлеуетін пайдаланудың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын кешенді бағалау. Тазалау ғимаратарының тастауларын бағалау нәтижесі бойынша Ертіс өзенінің экологиялық жағдайына ықтимал қауіптер мен қатерлерді азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • геопортал құру: жиналған деректер мен тапсырмалар негізінде Ертіс өзені бассейніндегі ластанудың таралуын бағалау үшін мәліметтерді талдау геопарталының құралдары таңдалады, ГАЖ технологияларын және жерді қашықтықтан зондтау.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2024 жылы келесі нәтижелер алынады:

  • Ертіс өзенінің суының жай-күйін бағалау үшін трансшекаралық пайдалану, климаттың өзгеруі жағдайында ағызылатын төгінді сулардың көлемі туралы деректер мен дербес мониторинг негізіндегі деректер базасы;
  • алынатын су көлемі, ағызылатын төгінді сулардың сапасы мен мөлшері, жер үсті және су экожүйелерінің жай-күйі туралы платформаның аналитикалық бөлігін әзірлеуге арналған үлкен деректерді талдау құралдарының деректер базасы. Картографиялық негізді құру. Электронды тақырыптық картаны құрастыру;
  • су мен түптік шөгінділерден сынама алу, жарма пункттерінде аэрофототүсірілім жүргізу;
  • экономика салалары үшін Ертіс бассейнінің су-ресурстық әлеуетін пайдалану мен жай-күйін кешенді бағалау; Ертіс өзенінің экологиялық жағдайына қауіптер мен қатерлерді азайту бойынша ұсыныстар;
  • барлық қажетті ақпаратты біріктіретін геопортал, соның ішінде: жерді қашықтықтан зондтау (ғарыштық фотосуреттер мен ұшқышсыз ұшу аппараттарынан алынған материалдар), бұлттық есептеулер және жасанды интеллект.

ҚРҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда үш мақала жарияланды:

  • «ҰҰА деректерін пайдалана отырып, су объектілеріндегі экологиялық және экожүйелік өзгерістер процестерін зерттеу» (авторлар: Б. Апшикур, М.Е. Рахымбердина, А.К. Капасов, М.М Тогузова, В.П. Колпакова) Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Хабаршысы №1/2024 ж. DOI 10.51885/1561-4212_2024_1_36. https://storage.ektu.kz/nextcloud/index.php/s/fQ5k2FRmwYBHqHD
  • "Ертіс өзені су сапасына Үлбі саласының әсері "Мамырбекова Г.К., Калыбекова Е.М., Колпакова В.П., Анапьянова С.Б., Еремеева Ю.Н., Шевцов М.Н. «Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты» Шығарылым №2 -2024.
  • "Антропогендік әсер жағдайындағы Ертіс өзенінің қазіргі күйі" Арынова Ш.Ж., Ажаев Г.С., Ахметов К.К., Колпакова В.П., Шаймарданов Ж.К. - ҚР Ұлттық ядролық орталық Хабаршысы. -2024, №2.

Scopus дерекқорындағы рецензияланған ғылыми басылымда кемінде 50 пайыздық көрсеткішпен бір мақала жарияланды

  • Мақала «Design and construction of wastewater treatment facilities for small sewerage facilities» в журнале Case Studies in Chemical and Environmental Engineering Volume 9, June 2024, 100774 (https://doi.org/10.1016/j.cscee.2024.100774 ) квартиль Q1.

Төрт мақала Scopus дерекқорындағы рецензияланған ғылыми басылымда кемінде 50 пайыздық көрсеткішпен жарияланады:

  • «Assessment of the ecological condition of the Kazakhstan part of the Yertis river under conditions of industrial development and climatic changes» мақаласы Case Studies in Chemical and Environmental Engineering журналына берілді. Мәртебесі -  редакторда қаралымда.
  •  «Effects of thermal pollution on the black flies  of the  Yertis River in Kazakhstan» мақаласы «Vector Ecology» журналына берілді. Авторлары Aхметов К.К., Оразбекова А.А., Шаймарданов Ж.К., Колпакова В.П., Шаймарданова Б.Х., Калиева А.Б. Журнал «Vector Ecology». Пайыздық көрсеткіші: 56, Q2. Мәртебесі – рецензияда.
  • «Remote sensing» журналына 2 мақала даярлануда.

Зияткерлік меншіктің үш объектісі (пайдалы модель патенттері) жарияланады:

  • 1. «Төгінді суларды тазалауға арналған шағын қондырғы» пайдалы моделіне ҚР патентіне өтінім берілді. Өтінімнің тіркелу номері 2024/0713.2 31.05.2024 жылдан.
  • 2. «Өзендер мен басқа да су айдындарындағы су қоймаларындағы қансорғыш масалардың дернәсілдерімен күресуде «бактерицидті» қолданудың авиациялық әдісі» пайдалы моделіне ҚР патентіне өтінім берілді. Өтінімнің тіркелу номері № 2024/0500.2    08.04.2024 жылдан.
  • 3. «Қалқымалы суды қабылдау» пайдалы моделіне патент алуды рәсімдеу сатысында.

 «Өнеркәсіптік даму және жаһандық процестер жағдайында Ертіс өзені суының сапалық  көрсеткіштерін бағалау» тақырыбында бір монография жарияланатын болады.

 

Инфографика:

Батиметриялық түсіру, су қоймасының түбінен биіктік деректерін алуға, су объектілерінің түбін картаға түсіруге мүмкіндік береді.

ҰШҚЫШСЫЗ СУ АППАРАТЫ/ҚҰРАМЫНДА ДРОН APACHE 3 (APACHE3 USV COMPLETE KIT)

Phantom 4 Multispectral RTK ұшу аппаратын су бассейндерін түсіру үшін  қолдану

Сынама алу және судың сапалық құрамын анықтау: