«Smart engineering» құзыреттілік орталығы Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында машина жасау, тау-кен металлургия кешені, агроөнеркәсіптік кешен және медицина сияқты түрлі салаларда смарт-инжиниринг және импортты алмастыру технологияларын дамыту үшін құрылған.
Орталықтың негізгі мақсаты - машина жасау саласын, тау-кен металлургия кешенін, агроөнеркәсіптік кешенді және медицинаны цифрлық трансформациялау, дамыған елдерден технологиялық артта қалуды азайту, күрделі технологиялық жабдықтардың импортқа тәуелділігі мен құнын төмендету, технологиялық қауіпсіздікті арттыру. Индустриялық қатысуды тарту, сақтау және кеңейту, индустриялық, академиялық және үкіметтік стейкхолдерлерге кеңірек қолдау көрсет.
Соңғы өзгерістер күні:27.02.2025