Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлттың көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында он негізгі бағытты жүзеге асыру бойынша кешенді міндеттер қойды, бұл экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері.
2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын жүзеге асыру ең бірінші және маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- Оқыту және жұмысқа орналастыруға ықпал етудің тиімді жүйесін құру;
- Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;
- Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
Бірінші бағыт: оқыту және жұмысқа орналастыру.
Бұл бағыттың аясында өз бетінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтылған халықтың ішінен Бағдарламаның қатысушыларына мемлекеттік қолдаудың келесі түрлері көрсетіледі:
- жәрдемақы төлеумен біліктілікті арттыру, кәсіптік дайындау және қайта даярлау (бұдан әрі – кәсіптік оқыту) курстарында оқытудың мүмкіндігін ұсынады;
- лайықты бос жұмыс орындарын іздестіру және жұмысқа орналастыруға ықпал ету, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына;
- жастар іс-тәжірибесіне жолданған қатысушылардың еңбек төлемдері.
Екінші бағыт: ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу (микрокредит беру).
Бағдарламаның бұл бағытында ауыл кәсіпкерлері және өз бетінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтылған халықтың ішінен өз ісін ұйымдастыруды қалайтын және мүмкіндігі бар тұлғалар қатыса алады.
Бұл бағыттың аясында мемлекеттік қолдаудың келесі түрлері көрсетілетін болады:
- микрокредиттер беру;
- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;
- консультативтік қызметтерді ұсыну;
- кәсіпкерлік негіздерін оқыту;
- несие беру мерзімі – 5 жылдан кем емес;
- несиенің ең жоғары сомасы 3 млн. теңгеден аспайды.
Үшінші бағыт: еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
Бұл бағыт Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден әлеуметтік-экономикалық даму орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесу арқылы еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шараларын көздейді. Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағытына қатысудың басым құқығын ауыл жастары иеленетін болады.
Үшінші бағытқа қатысушыларды мемлекеттік қолдау:
- көшуге субсидия беру;
- кәсіптік дайындау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқыту, сондай-ақ жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
- жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына қызметтік тұрғын үйлер беру.
Сіздерді серіктестікке шақырамыз.
Толық ақпаратты алу үшін Өскемен қаласы әкімдігінің № 1 және № 2 Жұмыспен қамту орталықтарына баруыңыз керек:
Өскемен қаласы, Тургенев көшесі, 30, 103 кабинет, Протозанов көшесі, 11
анықтама үшін телефондар – 293-373, 293-368