Машекенова Асия Хасеновна, техника ғылымдарының кандидаты

1997 жылы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітіріп, жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздік жөніндегі инженер біліктілігі берілді.

1997-2003 жылдары Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің аспирантурасында 22.05.2010ж. «Автомобиль көлігін пайдалану» мамандығы бойынша оқыды.

2010 жылы 05.02.22 «Өндірісті ұйымдастыру» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады.

2019 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша бітірген.

2024 жылы РФ Мәскеу қаласындағы «Жоғары экономика мектебі» ҰЗУ жоғары оқу орнында 38.04.02 «Менеджмент» мамандығы бойынша «Жоғары білім беруді басқару» мамандандыруымен магистратураны бойынша бітірген.

1997 жылғы қарашадан 2017 жылғы қаңтарға дейін ШҚМТУ-да ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, ОӘЖ жөніндегі деканның орынбасары, кафедра меңгерушісінің орынбасары, білім беру технологияларының сапасын бағалау және дамыту орталығының басшысы болып жұмыс істеді.

2017 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың тамызына дейін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ әдістемелік жұмыс, практика және жұмысқа орналастыру бөлімінің бастығы, маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі даярлық орталығының басшысы болып жұмыс істеді.

2018 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың ақпанына дейін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да доцент, «Машина жасау» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2020 жылдың ақпан айынан бастап Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Академиялық қызмет басқармасының бастығы болып тағайындалды.

2024 жылғы 07 ақпаннан бастап ҚР ҒжЖБМ 07.02.2024 ж. №6 – жқ бұйрығымен басқарма мүшесі академиялық мәселелер жөніндегі - проректор болып тағайындалды.

Жобаларға қатысу: CDIO, «Күміс университеті» жобаларын іске асыру, IGPA-ны оқыту процесіне енгізу; «Озық инженерлік білім берудің ұлттық моделі және оның Қазақстанды технологиялық жаңғыртудың рөлі» тақырыбындағы ҚР ҒжЖБМ МҚ жобалық тобының қатысушысы № AP14870449, 2022-2024 жж.; «Орнықты даму мақсаттарын іске асыру контекстінде инженерлік білім берудің ұлттық моделін құру» тақырыбындағы МҚБ жобалау тобының қатысушысы № BR 21882257, 2023-2025 жж.

Халықаралық тағылымдамалар: 2023-2025 жылдары ҚХР, Тяньцзинь қаласындағы Тяньцзинь кәсіби институтында.


8 (7232) 50-51-25

[email protected]

Соңғы өзгерістер күні:
10.12.2025