Ішкі аудит қызметі 2018 жылы құрылды және Университеттің Бақылау кеңесіне тікелей бағынады.
Қызмет жұмысының мақсаты университетті тиімді басқаруды және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған тәуелсіз және объективті ақпаратты Бақылау кеңесіне ұсыну болып табылады.
Қызмет жұмысының негізгі бағыттары:
- қаржы-шаруашылық қызмет көрсеткіштеріне аудит өткізу, бақылау және бағалау;
- ЖОО бюджетін пайдаланудың тиімділігін бағалау;
- бухгалтерлік есеп жүйесінің шынайылығы мен толықтығын бағалау, қаржы есептемесін қалыптастыру;
- ЖОО-ның Қазақстан Республикасының заңнама, халықаралық келісім, ішкі құжаттар талаптарын сақтауын бағалау;
- ЖОО-ның сыртқы аудитор ұсынымдарын орындауы бойынша мониторинг өткізу;
- ресурстарды пайдалану, сондай-ақ университет активтерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қолданылатын тәсілдердің ұтымдылығы мен тиімділігін бағалау;
- ішкі бақылау жүйесінің тәуекелдерін басқару бойынша аудит өткізу;
- корпоративтік басқару процессін жетілдіруді бағалау;
- ішкі бақылау және ішкі аудит жүйесі мәселелері жөнінде консультация беру.