Мекеме
«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ
Кейс атауы
Генетикалық алгоритмге негізделген интеллектуалды кесте
Мәселенің / міндеттің сипаттамасы:
Бұл бағдарламалық қамтамасыз ету білім алушылардың оқытушылардың сабақтарын өткізу үшін тағайындалған пәндерді таңдауын ескере отырып және оқу сабақтарының қорытынды кестесіне қойылатын шектеулер негізінде оқу орны үшін оқу сабақтарының кестесін автоматты түрде қалыптастыруға бағытталған. Оқу сабақтарын автоматты түрде қалыптастыру кестені құру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді және кестені қолмен жасау кезінде пайда болатын қателер санын азайтады.
ЖИ енгізу процестері / функциялары:
- Кестелерді құру үшін қажетті деректерді жинау (академиялық топтар, ПОҚ, сабақтарды өткізу уақыты, аудиториялық қор, пәндер және академиялық ағындардың тізімі);
- Қорытынды кестеге арналған ережелерді анықтау (қабаттасулардың болмауы, кестедегі олқылықтар, сабақтарға арналған аудиторияларды анықтау ережелері және т. б.);
- Жиналған мәліметтер негізінде сабақ кестесін құру және генетикалық алгоритм негізінде берілген ережелерді бағалау;
- Қалыптасқан кестені бағалау үшін қолданылатын ережелерді үнемі жөнге келтіруі.
Күтілетін экономикалық тиімділік (оның ішінде салынатын бюджеттің % - ы), тиімділікті бағалау үшін көрсеткіштер (KPI):
- Семестр бойынша сабақ кестесін қалыптастыруға кететін уақыт шығындарын азайту;
- Еңбек ресурстарын пайдалануды оңтайландыру: оқу бөлімінің қызметкерлеріне жүктемені азайту;
- Барлық категориялар үшін ыңғайлы кесте: студенттер, ПОҚ, әкімшілік;
Бұл қалай жұмыс істейді (шешімнің сипаттамасы):
Бұл бағдарламалық қамтамасыз ету бағдарламалық кешен түрінде іске асырылатын болады, оған мыналар кіреді:
- кесте құруға қажетті деректерді жинауға және сақтауға арналған мәліметтер базасы
- кесте құру үшін генетикалық алгоритмді бағдарламалық қамтамасыз ету
- қалыптасқан кестені бағалау үшін қолданылатын ережелерді бағдарламалық қамтамасыз ету
Қалыптасқан кесте xml форматында сақталады, бұл оны әртүрлі бөлімдерде көрсету үшін білім беру порталына импорттауға мүмкіндік береді.
Қажетті деректер:
- Кестені қалыптастыруға арналған мәліметтер: академиялық топтар, аудиториялық қор, ПОҚ, сабақ өткізу уақыты, академиялық ағымдар;
- Қалыптасқан кестені бағалауға арналған ережелер жиынтығы;
- Ережелерге басымдық беру.
Қосымша түсініктемелер:
- Оқу сабақтарының кестесін қалыптастыру үшін деректер ШҚТУ білім беру порталында толтырылады: контигент бойынша деректер, ПОҚ, оқу жоспарлары, жұмыс графигі, аудиториялық қор және т. б;
- Жоғарыда көрсетілген деректер толтырылғаннан кейін кесте құру үшін дерекқорға импортталады;
- Алынған кесте пайдаланушылардың әртүрлі санаттарына көрсету үшін білім беру порталының дерекқорына импортталады.
Жауапты тұлғалар
ФФедькин Евгений Михайлович, Ақпараттық технологиялар департаменті Сүйемелдеу және ақпараттық технологиялар басқармасының жоғары санаттағы инженер.
Соңғы өзгерістер күні:14.09.2026