Мекеме:

«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ

Кейс атауы:

AI-Talapker — оқуға түсушілерге арналған цифрлық көмекші

Мәселенің / міндеттің сипаттамасы:

Бұл құрал университеттің қабылдау комиссиясына құжат тапсыру мәселелері бойынша мәтіндік сұрау салатын талапкерлер үшін іс-қимыл алгоритмін қалыптастыруға арналған. Чат-бот талапкердің жеке кабинетінде орналастырылады.

ЖИ енгізу процестері / функциялары:

  • Пайдаланушылардың сұрауларына жауап дайындау үшін деректер сұраулары жасалатын білім беру порталының деректер құрылымының сипаттамасын қалыптастыру;
  • Мәтіндік сұрауды қалыптастыру;
  • Пайдаланушылардың кері байланысы негізінде модельді тұрақты оқыту және жетілдіру.

Күтілетін экономикалық тиімділік (оның ішінде салынатын бюджеттің %-ы), тиімділікті бағалау көрсеткіштері (KPI):

  • Консультациялар өткізуге кететін уақыт шығындарын азайту, өйткені автоматтандырылған чат-бот қабылдау комиссиясы жұмысының бір бөлігін орындайды. Орта есеппен бір консультацияға кететін уақыт 5–20 минутқа (10–33%) қысқарады;
  • Еңбек ресурстарын пайдалануды оңтайландыру: қайталанатын сұрақтарға жауап беруді автоматтандыру арқылы қызметкерлерге түсетін жүктемені азайту. Орта есеппен ЖОО-да 10-нан 40-қа дейін қызметкер кеңес берумен айналысады. Оңтайландыру көрсеткіші 10–30% құрайды;
  • Талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін ақпарат алу процесін жеңілдету, бұл стресс деңгейін төмендетеді;
  • Чат-боттың нақты және стандартталған жауаптарының арқасында адам факторына байланысты бұрмаланулар мен жалған ақпараттарды жою;
  • Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және ҰБТ жүйесі мен оқуға түсу процесіне деген сенімді нығайту.

Бұл қалай жұмыс істейді (шешімнің сипаттамасы):

ЖИ-агент бот түрінде жүзеге асырылады. Пайдаланушының мәтіндік сұрауы негізінде агент жауап дайындау үшін білім беру порталының дерекқорына немесе сыртқы деректер көздеріне автоматты түрде сұрау қалыптастырады. Сұрау өңделгеннен кейін жүйе алынған деректерді мәтіндік түрде көрсетеді.

    Презентация

Қажетті деректер:

  • Деректерді іздеу жүргізілетін білім беру порталының дерекқұрылымының сипаттамасы;
  • Модельді оқытуға арналған мәтіндік сұраулар мен оларға сәйкес SQL-сұраулар жиынтығы;
  • Модельді дәлірек оқыту мақсатында кейінгі талдау үшін пайдаланушылардың мәтіндік сұрауларын және алынған SQL-сұрауларды журналға тіркеу.

Қосымша түсініктемелер:

  • Мәтіндік сұраулар негізінде SQL-сұрауларды қалыптастыру моделі ретінде DeepSeek пайдаланылады;
  • Деректерді сұратуға мүмкіндік беретін деректер моделін кеңейту мүмкіндігі қарастырылған;
  • Деректерді графикалық түрде көрсету мүмкіндігі қарастырылған.

Жауапты тұлғалар:

Федькин Евгений Михайлович, Ақпараттық технологиялар департаментінің Сүйемелдеу және ақпараттық технологиялар басқармасының жоғары санаттағы инженері

Соңғы өзгерістер күні:
14.09.2026