«Алтын-бесік» қауымдастығының екінші форумына қатысушылардың Д. Серікбаев атындағы Өскемен ҚЖИ-ШҚТУ-ШҚМТУ барлық буын түлектеріне үндеуі. (26.09.2008)

Өзінің жарты ғасырлық мерейтойы қарсаңында Инновациялық және сапалы білім берудің кепілі болған университеттің 50 жылдығын атап өте отырып, біз, Д. Серікбаев Өскемен ҚЖИ-ШҚТУ-ШҚМТУ түлектері қауымдастығының екінші форумының қатысушылары,  біздің альма-матердің алдағы тағдырына қатысу жауапкершілігін қабылдаймыз.

«Өскемен ҚЖИ-ШҚТУ-ШҚМТУ түлектерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі бес жыл ішінде өз қызметінің өзектілігін дәлелдеп, қолдау тапты. Бізді, түлектерді, ШҚМТУ үнемі алға жылжып келе жатқаны қуантады, ал ЖОО-ға түсуге ниет білдірушілердің саны жыл сайын артып келеді.

Профессор-оқытушылар ұжымының жарты ғасыр ішінде бізге берген кәсіби шеберлігі мен заманауи сезімі; зияткерлік және шығармашылық еңбек дағдылары; гуманизм, азаматтық және жоғары адамгершілік қағидаттары үшін туған жоғары оқу орнына деген терең ризашылығымызды сезіне отырып, біз Шығыс Қазақстанның ірі оқу, ғылыми және мәдени орталығының гүлденуі үшін түлектердің корпоративтік рухын дамытуды жалғастырамыз.

Біз, Қауымдастық мүшелері, өмір бойы Өскемен ҚЖИ-ШҚТУ-ШҚМТУ дипломымен жүргендердің барлығына үндеу жолдаймыз:

  • университеттің даңқты дәстүрлерін нығайтуға үлес қосу үшін Д.Серікбаев атындағы Өскемен ҚЖИ-ШҚТУ-ШҚМТУ түлектер қауымдастығына кіру;
  • ШҚМТУ идеологиясы мен жалпы атмосферасын қабылдау арқылы университет миссиясын насихаттау;
  • Шығыс өңірде жоғары техникалық білім берудің флагманы ретінде ЖОО имиджін бекіту бойынша оның жобалары мен бастамаларын іске асыру үшін барлық мүмкін күш-жігерді жұмсай отырып, қауымдастықты дамыту тұжырымдамасын қолдау;
  • қауымдастықтың Кәсіпкерлік қызметін кеңейту үшін өнеркәсіптік, коммерциялық және қаржылық құрылымдармен өзара тиімді бағдарламаларды іздеуді жүзеге асыру;
  • ШҚМТУ ғалымдарының жаңа әзірлемелері мен жетістіктерін насихаттау, оларды енгізуге ықпал ету;
  • университеттің жас түлектерін өңірдің және республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарына жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсету;
  • әр түрлі салада жетістікке жеткен түлектердің оң тәжірибесін жастарға бере отырып, ұрпақтар сабақтастығын сақтай отырып, ЖОО-ның әр жылдардағы тәрбиеленушілерінің байланысын нығайту және дамыту.

Біз қауымдастық шеңберінде әрекет ете отырып және қосымша ресурстар таба отырып, туған ЖОО-ның әлеуетін арттыратынымызға, бұл оның әлемдік білім беру кеңістігіне тығыз кірігуіне көмектесетініне сенімдіміз.