«Industrial AI» құзыреттілік орталығы. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында тау-кен металлургия саласына арналған жасанды интеллект технологияларын, оның ішінде автоматтандыру мен роботтандыру технологияларын дамыту және бейімдеу мақсатында құрылған.
Орталық қызметінің негізгі мақсаты – тау-кен металлургия саласына арналған жасанды интеллект жүйелерін әзірлеу және тау-кен металлургия кешені компанияларының негізгі (барлау, өндіру, байыту, металлургия) және қосалқы (энергетика, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, экология және т.б.) процестеріне жасанды интеллектті пайдаланатын кешенді бағдарламалық-аппараттық шешімдерді енгізу.
Қызмет бағыттары:
- Барлау, байыту, өндіру, энергетика және техникалық қызмет көрсету мен жөндеу процестеріне арналған жасанды интеллект шешімдерінің жобаларын дайындау (пысықтау).
- Өңірдің және Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік кәсіпорындарының қызметкерлері мен инженерлік-техникалық персоналы үшін оқыту іс-шараларын: семинарлар, шеберлік сабақтары, біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарын өткізу.
- Салалық зерттеулер жүргізу.
06.11.2026